Egemen Qazaqstan
11917 материал табылды

Оқиға • Бүгін, 08:12

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Кеше «Ақ жол» партиясы Алаш көшбасшыларының бірі Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Оян, қазақ!» атты онлайн конференция өткізді. Конференцияға партия төрағасы Азат Перуашев, «Алаш» мәдениет және рухани жаңғыру институтының директоры Сұлтанхан Аққұлы, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, алаштанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Пікір • Бүгін, 08:09

Әлеуметтік ілгерілеу басты назарда

Онлайн форматта Nur Otan пар­тиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Елбасы, партия Төр­ағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл съездің бұрын­ғылардан өзгерек және алды­мызда тұрған мақсат-міндет­терді іске асыру үшін маңызы зор екенін айтты. Расымен, пан­­демия кезінде ұйымдас­ты­рылып отырған осы жиын егемен еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы тұрғысынан ерекше мәнге ие.

Таным • Бүгін, 07:39

Торғай тарихының тағылымы

Ақиық ақын Ғафу Қайырбековтен сөз қалған ба, десейші. «Ішіне оқиғаны тиеп-сықап, Тарихтың қойып кеткен арбасындай», – деп туған Торғайының ғасырлар бедерлеген таланы мен талайын көркем өрнектеп, кестелеген екен. Өз аузынан: «Торғайым – ашық аспан астындағы мұражай ғой», – дегенін де естіп едік. Сол Торғайда бес мұражай барына көңіл шаттанады. Осылардың төртеуі «Торғайдың Жанкелдин мұражайлар кешені» мемлекеттік мекемесіне қарайды.

Пікір • Бүгін, 07:23

Тәуелсіздіктің жеті жетістігі

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жария­ланғалы үш жылдан асты.

Елбасы • Бүгін, 07:20

Дәуірден озған дара тұлға

Уақыт өткен сайын дәуірден озатын дара тұлғалар, заман жаңарған сайын жаңғыра түсетін жасампаз істер болады. Көреген көшбасшы, саңлақ саясаткер, білікті реформатор, тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы айтқанда осындай ой санаңа еріксіз оралады.

Оқиға • Бүгін, 07:15

Ұлылықты ұлықтау – парызымыз

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қол­дауымен Достық үйінде тұсауы кесілген «Мәміле» қазақ тілі пікір алмасу клубы­ның кезекті сабағы өткізілді.

Парламент • Бүгін, 07:11

«Әлеуметтік кодекс» жобасының тұжырымдамасы талқыланды

Сенат депутаттары Нариман Төреғалиев пен Динар Нөкетаева палата жанынан құрылған Жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті. Онда Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік кодексінің тұжырымдамасы кеңінен талқыланды.

Парламент • Бүгін, 07:10

Зейнетақымен қамсыздандыру жұмыстары зерделенді

Мұрат Бақтиярұлының төрағалық етуімен өткен Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Саясат • Бүгін, 07:08

Небраска назарында – Қазақстан

Global AgConnect ірі онлайн іс-шарасы барысында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Іс-шараны Небраска штатының (АҚШ) Экономикалық даму департаменті және Valley Irrigation компаниясы ұйымдастырды.

Қоғам • Бүгін, 06:56

Біздің Отанымыз – Қазақстан

Нұр-Сұлтан қаласындағы Т.Айбергенов атындағы №16 мек­тептің мұғалімі Елизавета Шнайдермен танысқанымызда, оның қазақша мүлтіксіз сөйлегеніне таңырқағанымыз рас.