Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Шымкент тұрғындарының жылуға қарызы 200 миллион теңгеден асып кеткен

14 рет көрсетілді

202 миллион теңге – шымкенттіктердің жылуға ғана берешек сомасы. Коммуналдық қызмет ақысын айлап емес, тіпті жылдап төлемейтіндердің кесірінен қомақты қарыздар көбейіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сондықтан жауаптылар пәтер аралап, қызмет тұтынушыларына ескерту жасауға мәжбүр. Бірақ кейбір пәтер иелері тіпті есігін де ашпайды екен.

Жылу таратушы орталықтың мамандары борышкерлердің үйді-үйін аралаудан жалықпайды. Бұл жолы қала орталығындағы "Спорт" шағын ауданындағы қарызы бар пәтерлердің есіктерінен сығалауда. Айтуларынша, ең қарызы көп тұрғындар қаланың осы орталық бөлігінде тұрады. Берешегі 300 мыңнан асқан мына үйдегілер пәтер иесі басқа, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге міндетті емеспіз деп ақталды. Ал үй иесі жаңа жылға дейін төлеймін деп сөлесуден қашқақтады.

Пәтерін жалға берушілермен жолығу қиынның қиыны дейді сала мамандары. Бірі күндіз үйінде болмаса, екіншісі есігін де ашпайтын көрінеді.  

Жылуға төлемейтіндердің қатары көбейсе де, осы күнге дейін олардың бірде-бірі жүйеден ажыратылмапты. Карантиндік режимде тұрғындар жағдайын төмендеткені бар. Сондықтан әзірге тек түсіндірумен шектеліп жатырмыз дейді мамандар.

"Бүгінгі таңға дебиторлық қарызымыз қала бойынша 73169 абонентті құрайды. Оның ішінде 202 млн теңге берешек қарызымыз бар. Атап айтқанда, Абай ауданында 27 млн, Әл-Фараби ауданында 62 млн, Еңбекшіде 68 млн, Қаратау ауданында 43 млн-ды құрап отыр", деді "ҚУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ" мекемесінің бөлім басшысы Асқар Бөлешов.

Сонда да борышкерлермен күрес тоқтамайды. Қарызды қайтару үшін сотқа жүгінуге мәжбүрміз дейді жауаптылар. Осы күнге дейін сот арқылы 8 млн теңгеге жуық қаржы өндірілген. Бірақ одан жағдай түбегейлі өзгермейтіні анық. Өйткені қалада 73 мыңнан аса борышкер бар. Олардың барлығының берешегінің жиынтығы 202 млн теңгеден асады.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Кемел қазақтың келбеті

Таным • Бүгін, 07:40

Наурыздың ақша қарындай

Руханият • Бүгін, 07:30

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Өз балаң өзекке теппесін

Өнер • Бүгін, 07:23

Жас теннисшілер бас қосты

Теннис • Бүгін, 07:06

Ол кезде Надя отызда еді

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:02

Ұқсас жаңалықтар