Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Маңғыстаулық полицейлер өз міндеттерін саптық жиында пысықтады

66 рет көрсетілді

Маңғыстау облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің алаңында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмылдырылатын полиция қызметтері мен бөлімшелерінің саптық жиыны өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Ол көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының ІІМ бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жиында қоғамдық қауіпсіздік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері - патрульдік-бекеттік қызмет, жол-патрульдік қызмет, сондай-ақ департаменттің және Ақтау қаласының полиция басқармасының жедел қызметтері жұмылдырылды.

Тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығы, нысанды киім-кешек, қызметкерлердің сыртқы келбеті, қызметтік автокөліктің жағдайы тексерілді.

Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амангелді Халмурадов қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі ережелері туралы нұсқама өткізді. А. Халмурадовтың айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жауынгерлік дайындықта және өздерінің кәсіби міндеттерін лайықты орындауға дайын.

Полиция қызметкерлері аудан аумағындағы жедел жағдай туралы ақпараттандырылды, іздеудегі адамдардың бағдарларымен танысты, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайы болу, заңнама мен сақтық шараларын сақтау қажеттілігі туралы хабардар етілді.

Саптық жиыннан кейін ішкі істер органдарының қызметкерлері құқықтық тәртіпті қорғау бойынша өз міндеттеріне кірісті.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар