Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Маңғыстауда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ашық түрде күрделі ота жасады

68 рет көрсетілді

Маңғыстау облыстық ауруханасында жүрегінде ауыр ақауы және жүректе пайда болған ревматизм ауруы бар жүктілігі 37 аптадан асқан әйелге күрделі ота жасалды. Маңғыстау облыстық аурухананың дәрігерлері жүкті келіншекті ультрадыбыспен зерттеу кезінде осындай диагноз қойған болатын. Ақ халатты абзал жандардың алдында ана мен өмірге әлі келмеген сәбиді аман алып қалу міндеті тұрды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Маңғыстау облыстық ауруханасы жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің кардиохирургі Альберт Абұлхасовтың айтуынша, жүкті келіншектің өкпесінің ісіп кетуіне байланысты оның демалуы қиындай түскен. Бүйрегі мен бауыры ауырып, жағдайы дәрігерлердің көз алдында нашарлаған. Дәрігерлер өзара ақылдаса келе кесарь тілігін жасау қажеттігіне тоқталған. Ота сәтті жасалған соң өмірге дені сау ер бала келді. Ал анасының қос жармалы қақпақшасы тарылғасын протездеу қажеттігі туындап, ашық түрде жүрекке ота жасауға тура келген.

Бұл ретте шұғыл әрекет жасаған кардиохирургтер, гинекологтар, сонымен қатар Ақтөбе қаласынан шақыртылған ультрадыбысты зерттеу дәрігері, кардиохирург, оның көмекшісі және анестезиолог. Ота 5 сағатқа созылған, ең бастысы нәтиже жаман емес.

-Ауруханада екі апта жатып емделген соң, әйелдің жағдайы жақсарған күннен бастап баласымен бірге үйіне жіберілді. Дәрігерлерге жиі хабарласып отырады және өзінің денсаулығы туралы мәлімет беріп, қажеттілік туындаса олардың кеңесіне жүгінеді. Айта кету керек, облыстық перинаталдық орталығының және біздің аурухананың кардиохирургтарының біліктілігінін арқасында осындай қиын отаны жасап шықтық. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасы да қажетті қолдауды көрсетіп отыр, дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры Болатбек Қаюпов.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар