Аймақтар • 16 Шілде, 2019

Cафлор көлемі артып келеді

116 рет көрсетілді

Қызылорда облысында майлы дақылдарды экспорттау көлемі артып келеді.


Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында өткен жиында  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Жаханов бұл жайлы тарқатып айтып берді.

Бүгінгі күні егіс егу межеден 5,2 мың гектарға артық орындалып 183,8 мың гектарға жетті. Мұнын ішінде облыста егілген майлы дақылдар көлемі соңғы 5 жылда 6 мың гектарға артып бүгінде 7 мың гектарды құрады.

«Қазіргі таңда біз егілген майлы дақылдар оның ішінде сафлор майының көлемін арттырудамыз. Бұл дақылдар шет мемлекеттерде өте құнды болып есептеледі. Майлы дақылдардың экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Біздің аймақтың климаты дақылдарды өсіруге өте қолайлы», - деді Б. Жаханов.

Бүгінгі күні облыс бойынша жалпы көлемі 10,5 га құрайтын барлығы 164 жылыжай бар. Тұрғындарды маусымаралық кезеңде жылыжай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін үстіміздегі жылы жаңадан 6,395 га болатын 43 жылыжайды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл орындалмайтын меже емес.


 Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Оралда 198 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 18:28

Доллар қымбаттап жатыр

Экономика • Бүгін, 15:54

COVID-19: Қартаюды жақындатуы мүмкін

Коронавирус • Бүгін, 14:43

Күзенді қырған COVID-19

Әлем • Бүгін, 13:14

Қыстың бірінші күні үсіп қалған

Аймақтар • Бүгін, 12:18

Алтайлық аналар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Ұқсас жаңалықтар