Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2020

Тұңғыш Президент күніне орай 35 тәртіп сақшысы марапатталды

25 рет көрсетілді

Кеше СҚО Полиция департаментінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Тұңғыш Президент күніне орай марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Тұңғыш Президент күні – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды күн, бұл жалпыұлттық ынтымақ, бірлік күні. Бүгінгі таңда, дүниежүзін пандемия жайлаған кезде, ішкі істер органдарының күштері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға және карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге бағытталған. Полиция департаментінің жеке құрамы халықтың және Мемлекет басшысының сенімін ақтау үшін бар күш-жігерлерін жұмсайтынына сенімдімін. Осынау мереке күні, мінсіз қызметтері үшін көптеген қызметкерлерімізге алғыс білдіргім келеді", деп атап өтті СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Медальдар, төсбелгілер, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен қиын да жауапкершілігі зор қызметтегі табыстары үшін 35 офицер мен сержант марапатталды. Марапатталғандардың арасында – полиция капитаны Азамат Жамұқов бар. Азамат ішкі істер органдарында 2009 жылдан бастап қызмет атқарады. Қазіргі лауазымы – СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы.

Сонымен қатар, марапатталғандардың қатарында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция капитаны Шамиль Изтулин де бар. Ол да ішкі істер органдарында 2009 жылдан қызмет атқарады.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар