Қоғам • 30 Қазан, 2020

Алматыда нотариус заңсыз операциялар жасаған

315 рет көрсетілді

Алматы қаласының Алмалы аудандық прокуратурасы 1,8 млрд теңге көлемінде жалақы өндіру туралы жалған мәмілені анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

"2019 жылдың 23 желтоқсанында нотариус "К" ЖШС-нан "М" деген азаматқа 1 805 097 937 теңге мөлшерінде жалақы өндірмек болған. Талдаулардың нәтижесінде М деген азамат осы ЖШС толық құрылтайшысы екені анықталды. Ол айына 40 млн теңге жалақы алып отырған. Медеу аудандық соты 2019 жылдың 16 тамызында оның жалақы өндіру туралы арызын қанағаттандырмаған. Сот үкімі мен мәміленің күмәнділігіне қарамастан нотариус жалған атқару қолын қойған", деді прокуратура.

Прокуратураның хабарлауынша, ҚР "Оңалту және банкроттық" туралы заңына сәйкес жабылатын ұйымның ең алдымен кредиторлар алдындағы борышынан гөрі жұмыскерлердің жалақысынан құтылу борышы алдыңғы орында болады.

"М деген азамат басқа кәсіпкерлерге ірі мөлшерде қарыз болған. Осылайша жалған жалақы борышын алға тартып, ақшаны жылыстату схемасын құрып олардан құтылып кетпек болған", деді прокуратурадан.

2020 жылдың 12 мамырындағы сот шешімімен нотариустың атқару қолы жарамсыз деп танылды. Нотариусқа қатысты жеке анықтама шығарылды. Әзірге бұл анықтама қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар