Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Қызылордада "Hi-tech" іс-шарасы барысында интернет-алаяқ ұсталды

56 рет көрсетілді

Соңғы кездері интернет алаяқтар әлеуметтік желілерде, соның ішінде Telegram, Facebook, Instagram-да белсенді болып, жалған боттар жасау арқылы қолданушылармен хат алмасып, олардың сеніміне кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жоғары технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу, ашу, сонымен қатар киберқылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел жұмыстар жүргізуде.

Полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желілерде алаяқтарды анықтау оңай емес. Бұл өте мұқият, күрделі және көп қырлы жұмыс.

"Hi-tech" жедел-профилактикалық іс-шара аясында қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері ннтернет - алаяқты ұстады. Ол WhatsApp мессенджерінде Life Styler чатын ашып, ақшаңды көбейтемін деп облыс орталығының 54 жастағы тұрғынын алдаған.  

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні ұстады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар