Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Түркістан облысындағы эпидемиялық жағдай тұрақты

12 рет көрсетілді

Облыстағы медициналық ұйымдарда коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмысы үш бағытта жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, емдеу мекемелерін төсек-орынмен толық қамту, материалды-техникалық базасын нығайта отырып, дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету күшейтілген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов пен өңірдегі барлық медицина ұйымдардың бас дәрігерлерімен кездесуінде атап көрсетілді.

"Қазіргі таңда облыстағы медициналық ұйымдар 2 айлық дәрі-дәрмек қорымен және медициналық құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілген. Емдеу мекемесінің бірінші басшысы ретінде сіздер алдағы уақытта медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды, арнайы оқытудан өткізуді барынша қадағалауға тиіссіздер", деді облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов.

Облыста жалпы 23 429 медицина қызметкері еңбек етеді. Оның 5 мыңнан астамы – дәрігер, 18 233-і − орта буын медицина қызметкері. Биыл 1,5 мың дәрігер түрлі бағыттар бойынша Ресейде біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасқан. Жиын барысында облыс басшылығы шекаралас аудандарды басты бақылауда ұстауды жүктеді. Алдағы уақытта аудан әкімдері мен медицина мекемелерінің басшыларымен бірлесе онлайн форматта өзекті мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын қарастыру көзделген.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Бүгін, 16:30

Еңбек адамдары марапатталды

Аймақтар • Бүгін, 16:05

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:12

SpaceX тағы 60 спутник ұшырды

Әлем • Бүгін, 08:51

«Спартактан» басым түсті

Хоккей • Бүгін, 08:42

Даланы тербеткен сырлы саз

Руханият • Бүгін, 08:38

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:25

Есіл бойына ел қондырған

Таным • Бүгін, 08:21

Елбасы және Түркістан

Оқиға • Бүгін, 08:19

Мерекені мазмұнды өткізеді

Оқиға • Бүгін, 08:18

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Бүгін, 08:15

Кемеңгер келбеті

Руханият • Бүгін, 08:08

Жұмыс ашық ұйымдастырылады

Саясат • Бүгін, 08:04

Шабыт шалқытар шаңырақ

Театр • Бүгін, 08:00

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:47

Нұр-аға

Руханият • Бүгін, 07:35

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Бүгін, 07:30

Алтайға ат басын бұрған сәт

Таным • Бүгін, 07:29

Ұқсас жаңалықтар