Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Сотталғандар ҰАТ өкілдерімен онлайн кездесті

35 рет көрсетілді

Қызылордадағы ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеушілерді бүгін  облыс бойынша Ұлттық алдын алу тетігі өкілдері онлайн тәртіпте қабылдады.

Қызылорда облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің жетекшісі Серік Теңізбаев, осы ұйымның мүшелері Сәуле Әбілдаева, Ләйла Есалиева және Nur Otan партиясы облыстық филиалының заңгері Сәбитбек Алшынбеков жазасын өтеушілердің мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.  Еліміздегі орын алған індетке байланысты қойылған шектеулер туралы түсіндірді.

– Осындай онлайн шаралар алдағы уақытта ЗК-169/1, ЗК-169/4 мекемелерінде өткізілетін болады - дейді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік – психологиялық жұмыстары бойынша тобының бас маманы Серік Сейдахметов.

 

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар