Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Қызылорда: «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

28 рет көрсетілді

Қызылорда облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апатын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Оның аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға бағытталған бірқатар рейдтік шара өтіп жатыр.

Шараның бірінші күні-ақ 485 мәрте жол қозғалысы ережесінің бұзылғандығы анықталды. Оның ішінде 6 көлік заңсыз қайта жабдықталса, он үші міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген. Сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттыру, қауіпсіздік белдігін тақпау мен құжатсыз көлік айдау  секілді оқиғалар көп кездескен.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар