Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Алматының "сары" аймақтағы аудандары белгілі болды

535 рет көрсетілді

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі 3 желтоқсаннан бастап қала екінші күн қатарынан коронавирус бойынша "жасыл" аймақта. Алайда карантин шаралары сақталған аудандар да бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

"4 желтоқсандағы жағдай бойынша "сары" аймақта Бостандық, Медеу және Түрксіб аудандары тұр, ал "сарыға" жақындаған - Алмалы ауданы. Инфекцияны болдырмау үшін қолданыстағы шектеу шаралары жеткіліксіз екені анық", делінген хабарламада.

Шектеу шараларын күшейту ұсынылады. Мысалы, 15 және одан да көп адам жұмыс істейтін ұйымдар қызметкерлерінің 60 пайызын қашықтан жұмыс режіміне ауыстыру, кейбір ұйымның жұмыс режімін өзгерту, үй-жай иелеріне басқа заңды тұлғаларға ғимаратын жалға беруге тыйым салу.

Аудандық әкімдіктерге және бөлшек сауда қауымдастығына азық-түлік дүкендеріне кіре берісте әлеуметтік қашықтық туралы маңдайшалар мен белгілердің болуын және дүкен ішінде бір адамға кемінде төрт шаршы метр қашықтық болуын сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар, СОО-да орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін белгілеу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар