Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

Шымкент тұрғыны жалған 100 долларға азық-түлік алған

75 рет көрсетілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған долларды өткізу дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Шымкент қ. азық-түлік дүкендерінің бірінде қала тұрғыны сомасы 2 200 теңгеге сауда жасап, 100 АҚШ долларын төмен бағада қабылдауды сұраған.

Дүкен сатушысы аталған ақша банкнотасын 35 000 теңге ретінде қабылдап, 32 800 теңге қалған ақшасын қайтарған. Ақша айырбастау пунктіне барған кезде 100 АҚШ долларының жалған ақша екендігі анықталған.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкіміне сәйкес қала тұрғыны ҚР ҚК-нің 231-бабымен (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Ұқсас жаңалықтар