Қай елде болса да замана жүгін түсіне біліп, оны көтере алатын, тәуекелі мол азаматқа, дара тұлғаға сұраныс ерекше болатыны тарихтан белгілі. Оларға тән терең ой, кемел ақыл, биік рух, қайрат пен қабілет түрлі тарихи сынақтан шығудың қисынын тауып, елін өрге сүйреуге жол ашқан. Ұлыбританияда – Оливер Кромвель, Үндістанда – Джавахарлал Неру, Түркияда – Мұстафа Кемал Ататүрік, Сингапурда – Ли Куан Ю, Малайзияда Махатхир Мохамад елдерінің жаңа жолының көшін бастаған дара тұлғалар болды.

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды
Сондай заңғар тұлғалардың бірі әрі бірегейі, жеке дара бітім болмысымен, бөлек табиғатымен әлемді мойындатқан саясаткер, еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан дамуының өзіндік моделі туралы Елбасы былай деген еді: «Біз бір рет таңдап, содан бері одан таймаған өзіміздің қазақстандық даму жолымен келеміз. Әлемдік тәжірибені сараптай және зерттей отырып, біз эволюция жолын таңдадық. Біз демократияның жедел, әсіресе сырттан енгізілуіне қарсымыз. Біз ешкімге де еліктеуге тырыспаймыз, біздің мемлекетімізге, біздің халқымызға керегін жасап жатырмыз. Және бұл қолымыздан келіп жатыр». Нұрсұлтан Назарбаев таңдап алған бұл байыпты бағыт Қазақстан үшін стратегиялық бағдарға айналды.
Елбасымыз жеріміздің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп көтеріп, тәуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін құра білді. Сондықтан соқтықпалы, соқпақсыз кезде тыңнан түрен салып, өзіне сенім артқан жұртын өркениетке жетелеген, әлеуетті мемлекеттердің қатарына қосқан Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының орны ерекше.
Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы тану мүмкіндігі тәуелсіздік жемістерінің бірі екені сөзсіз. Рас, тарихи дамуға халық болмысы негіз болады, жеке тұлғаның өзі халықтың арасынан шығады. Қазақстанға тәуелсіздік алып беру және оны әрі қарай дамыту Елбасымызға оңайға соқпады. Өйткені, ел Тәуелсіздігінің баянды болуы мен болашақтың кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы артылар жүкті абыроймен көтеру, халық сенімін ақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету, Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы терезесі тең елдер қатарына қосу батыл шешімдер қабылдауды қажет етті. Өз заманында тарыдай шашылған қазақ руларын бір тудың астына жинаған Абылай ханның қызметі қандай болса, жас мемлекетіміздің негізін қалауда Елбасының еңбегі де соған пара-пар болатын. Бұл туралы Елбасының Абылай ханның 300 жылдығында айтқан мына сөздері дәлел: «Абылай, Керей мен Жәнібек хандар тіккен Қазақ ордасын еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арнады. Оның қазақ халқының тұғыры берік, жұлдызы жарық ел болуын аңсап, осы қасиетті мақсатқа жету жолында найзаның ұшын ғана емес, дипломатияның күшін де жұмсаған заманының аса көрнекті ханы болғанына тарих куә… Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Байтақ өлкеміздің шекарасын заман талабына сай халықаралық нормалармен бекітіп, әлемдік қауымдастықты мойындаттық. Сол арқылы көршілерімізбен мәңгілік достыққа, өзара тиімді сауда-экономикалық, мәдени байланыстарға негіз қаладық. Бұл күнде ешқандай елдің Қазақ жеріне қатысты дауы жоқ. Ең бастысы, біз бабалар аманат еткен киелі жерімізде құрған мемлекетімізде ынтымағымызды сақтай білдік. Соның арқасында берекелі бірлігіміз төрткүл дүниеге мәлім болды. Есілдің бойына ел қондырып, еңселі Ордамызды орнаттық. Арқа төсіне әсем Астана салып, әлемге Қазақстан деген абыройлы мемлекет ретінде танылдық. Қазіргі жасампаз Қазақстан іргесі берік, ынтымағы мығым, төрт құбыласын тегіс мойындатқан Тәуелсіз мемлекетке айналды».
Егемен Қазақстанның мемлекеттік тетіктері өркениетті елдердің озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен саяси, ұлттық жағдайларға байланысты қалыптасып құрылды. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре, жан-жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба білудегі даралығымен бірден әлем назарын аударды. 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басы бұрынғы Одақ құрамындағы елдердің азаттыққа ұмтылған уақыты еді. Ол заман қазіргі посткеңестік кеңістіктегі басқа да елдер сияқты, Қазақстан үшін де үлкен бетбұрыстардың бастауы болды. Жұртшылықтың санасына қайта құру және қоғамдық жаңғыру тәрізді идеялар сіңе бастаған сәтте халық мұндай жұмысты істей алатын көшбасшысын дәл таныды.
1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар демократиялық, өркениеттік жолмен тұңғыш рет Президент сайлады. Бұл қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға еді. Сол күні байтақ еліміздегі сайлау учаскелеріне халық жаппай ерекше үмітпен ағылып, сайлауға қатысқандардың 98,78 пайызы Н.Ә.Назарбаевты жақтап дауыс берді. Халық ықыласына бөленген Н.Ә.Назарбаев кемел келешекке батыл қадамдар жасап, сарабдал саясат жүргізіп, елдің әрдайым биік асуларды бағындыруының басында тұрды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында ол жасаған ұсыныстың негізінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. Дәл сол күні Алматыда Президентті ұлықтау рәсімі өтті. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осылайша әлем картасында Қазақстан Республикасы атты жаңа мемлекет пайда болды. 1991 жылы 17 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып, бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де жетеді. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін», деп айтқан сөзінің бүгінгі күні шындыққа айналғанын көріп отырмыз.
Қазақстандықтардың берік қолдауына арқа сүйеп, халқының жасампаздық күш-қуатына кәміл сенген Тұңғыш Президент теңдессіз экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуді қамтамасыз ете білді. Жаңа астананы тұрғызу бастамасы мен оны ақиқатқа айналдыруы Н.Ә.Назарбаевтың модернизациялық жобасының басты табысының символы ретінде орнықты. Қазақстанның жаңа елордасы шын мәнінде, жаңа дәуірдің қаласы болып, елдің өткенінен болашаққа, жаңа дәуірге ауысуының ірі құбылысы саналады.
Н.Ә.Назарбаев саясатқа алып келген бірқатар принципті жаңалықтардың бірі – Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары. Жалпы, Жолдаулар басқа елдерде де қолданылады, бірақ олар әдетте міндеттердің белгілі бір шеңберінен аспайды да, жоғары заңды органға ғана бағытталады. Ал Қазақстанда Мемлекет басшысының Жолдаулары бүкіл халыққа арналып, онда бүкіл елдің алдында міндеттер қойылады және елдің жан-жақты дамуының келер жылға, одан да ұзақ мерзімге арналған негізгі басымдықтары мен жоспарлары айқындалады. Әрбір азаматтың өмірінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандыру, жастарға қолдау көрсету – бұл жайттардың барлығы Президенттің халыққа әр Жолдауында көрініс табады. Мемлекеттің дамуы қай бағытта өрбитінін айқын ұғына отырып, қазақстандықтар болашаққа сеніммен қарайды және өз өмірін сәтті жоспарлай алады.
Президент Н.Назарбаев әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған нарықтық экономиканың тұжырымдамасын жасады. Оның жүзеге асырған экономикалық үлгісі әлемдік дағдарыс кезеңінде ең тиімді болды. Мемлекет басшысы жаһандық ауқымдағы саясаткер ретінде дағдарыстың қайнарларын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық деңгейде оны ығыстырудың жүйелік шараларын ұсынды. Қазақстанның дамуына әлемдік дағдарыстың ықпалын ырықсыздандырып, қалыпты өсу траекториясына дереу оралуға алғышарттар тудырды. Тағы бір өзекті мәселе – Президент Н.Ә.Назарбаевтың зияткер ұлтты қалыптастыру бағыты. Жаңа көзқарастағы қазақстандықтарды тәрбиелеу адамзаттық капиталдың жаңа деңгейі – жаңа экономиканы қалыптастырудың басты тетігі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Елбасының салиқалы жүргізген саясатының арқасында әлемнің ең қарқынды дамыған 30 елінің қатарына нық қадам басты. Жаһандық мәселелерді талқыға түсіріп, жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатқан ЕҚЫҰ саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форум, т.б. ірі басқосулардың Қазақ жерінде өтуі – Тұңғыш Президентіміз, әлемдік сара саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық үлкен беделінің көрінісі екендігі даусыз. Осындай көшелі істердің жалғасы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу болып отыр. Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірі – Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесін ұйымдастырудың 160 жылдан астам тарихында Орталық Азия аймағы, тіпті ТМД мемлекеттерінің ешқайсысында да Халықаралық көрме жалауы желбіреп көрген жоқ.
Қазақстан Тәуелсіздігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін тарих алдымызға тартып отыр. Қазақ халқында бағзы замандардан бері «Жерұйық» ұғымы қалыптасқан. «Желмаясына мініп, Жерұйығын іздеген» Асан қайғының идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманына ұласты. Бабаларымыз төрт құбыласы тең, қазығы берік, мамыражай тіршілігі бар мемлекет құруды, іші мен сырты бүтін мәңгілік ел болуды мұрат етті. Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлтымыздың болашағына қатысты ұлы бағдар ретінде еліміздің рухын көтеретін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын Елбасы Н.Ә.Назарбаев жария етті.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде «Мәңгілік Ел» идеясы – бағзы болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуіміздің кепілі. Осы ақиқат біздің баршамызды бір мақсат, бір мүдде жолында Елбасының төңірегіне бірігіп қызмет етуге жетелейді. Этностар ынтымағы мен достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстан халқының татулығы – біздің ең басты байлығымыздың бірі.
Дария ҚОЖАМЖАРОВА,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, академик
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
ШҚО-да зейнеткердің сандығына ұры түсті
Аймақтар • Бүгін, 10:35
ХҒС Қазақстанның ғарыштан түсірілген фотосын жариялады
Қазақстан • Бүгін, 10:33
Сирияда лаңкестердің шабуылынан екі сарбаз қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:28
Әлемде 95 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды
Әлем • Бүгін, 10:18
Елімізде 1000-нан астам жүргізуші жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 10:12
ЕАЭО елдері өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы жаңартуды жоспарлап отыр
Экономика • Бүгін, 10:09
Әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетіледі?
Қоғам • Бүгін, 09:59
Ресейліктер жаппай вакцина салғызып жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:52
Нұр-Сұлтанда жаңа емхана ашылады
Елорда • Бүгін, 09:49
Жамбыл мектептерінде 222 оқушы қашықтан оқып жатыр
Білім • Бүгін, 09:35
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Өткен тәулікте 468 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
«Самұрық-Қазына» басшысы «Қазатомөнеркәсіптің» 2020 жылғы алдын ала қорытындыларын тыңдады
Экономика • Бүгін, 09:10
Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Аймақтар • Бүгін, 08:16
Шалқар көлін сақтап қалудың басты жолы
Аймақтар • Бүгін, 08:12
Саяси модернизация кезеңі келді
Пікір • Бүгін, 08:10
Пікір • Бүгін, 08:09
Мәжіліс комитеттерінің құрамы бекітілді
Парламент • Бүгін, 08:06
ҚазҰУ: Жер учаскелерін иеліктен шығаруға өтініш берілген емес
Қоғам • Бүгін, 08:04
Меркельдің орнына Лашет келе ме?
Әлем • Бүгін, 08:03
Коронавирус қайта өршіп келеді
Қоғам • Бүгін, 08:02
Руханият • Бүгін, 07:54
Құрылыс саласындағы инновациялар
Қоғам • Бүгін, 07:49
Ұқсас жаңалықтар