Аймақтар • 25 Қараша, 2020

Мерзімі өткен ПТР-анықтамасы бар Ресей азаматы депортацияланды

21 рет көрсетілді

24 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей Федерациясы, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 420 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 328 адам, анықтамасыз 91 адам - ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 191 жолаушы, анықтамамен - 184, анықтамасыз - 7;
Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 229 жолаушы, анықтамамен - 1145, анықтамасыз - 84.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Ресей Федерациясының азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар