Аймақтар • 24 Қараша, 2020

Атырауда психотроптық препараттарды сатқан үш адам ұсталды

58 рет көрсетілді

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде "дәріханалық" нашақорлар арасында сұранысқа ие психотроптық дәрілік препараттарды заңсыз сатумен айналысқан үш азаматты ұстады. Олардан пластинка түріндегі 240  "трамадол" мен  мен 18 "тропикамид" дәрілері тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Әсіресе, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды қолдану, сақтау және пайдалану ережелерін бұзушылықты анықтауға ерекше назар аударылды. Атырау облысында 30-дан астам денсаулық сақтау нысаны мен өз қызметінде психотроптық заттарды, прекурсорларды қолданатын 20-дан аса мекеме бар. "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде үш емдеу-профилактикалық мекемесі, өз қызметінде психотроптық заттармен прекурсорларды қолданатын екі мекеме тексерілді", деді  полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Жедел іс-шара қорытындысымен ҚР Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен  және 297-бабының  1, 3-бөліктерімен төрт сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Төрт  әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қатысы бар тұлғаларды (оның ішінде 1 медицина қызметкері) жауапкершілікке тарту үшін жинақталған құжаттар Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  департаментіне жолданды.

 

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Генерал киген китель

Оқиға • Бүгін, 07:28

Ұқсас жаңалықтар