Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Ақтөбе облысында 167 дана киік мүйізі тәркіленді

174 рет көрсетілді

"Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Шалқар ауданы Бегімбет елдімекеніндегі бір тұрғынның үйінен 167 дана киік мүйізін,  12 калибрлі "ИЖ-18мм" бір ұңғылы аңшы  мылтығын 12 патронымен және  5 кг киік етін тәркіледі, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Тексеру кезінде киік мүйіздері  осы үйдің ауласында тұрған  мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ "Планета-3" маркалы мотоциклінің қорабына  полипропилен қапқа салынып, жасырылғаны анықталды. Осы іс бойынша Бегімбет ауылының  36 жастағы  тұрғыны мен 28 жастағы Қызылорда облысы Арал ауданының азаматына қатысты тергеу амалдары басталды. Күдіктінің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір олардың үстінен  ҚК 339-бабы 1-тармағының   "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану"  әрекеті бойынша  қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері киік мүйіздерін браконьерлерден сатып алып,  шетелдерге заңсыз өткізумен айналысатын астыртын топтарды анықтау мақсатында  жедел-іздестіру  шараларын жүргізуді бастап кетті деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД Баспасөз қызметі,

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар