Аймақтар • 24 Қазан, 2020

"DARYN ECOART" экологиялық конкурсының облыстық кезеңі өтті

30 рет көрсетілді

Облыс орталығындағы "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәліметінше, оқушылардың экологиялық білімін жақсарту мақсатында  орталықта қашықтан 1-6 сынып оқушылары арасында  суреттер мен қолөнер бұйымдарының  конкурсы  өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суретті түсірген: Бақытжан Омарова

Үздік сурет бағытына 1-4 сынып оқушылары қатысты. Әрбір қатысушы 5 суреттен тұратын экологиялық тақырыпқа, пейзаждар мен табиғатқа, туған өлкенің қоршаған ортасын сақтауға және ұқыпты қарауға арналған жұмыстар топтамасын ұсынды.

Ал, үздік көркем қолөнер байқауы 5-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.

Балалардың шығармашылық жұмыстары идеялардың аса ерекшелігі, шығармашылық көзқарас, орындау техникасының деңгейі, жұмысты безендірудің эстетикасы, орындалған жұмыстарының сапасы бойынша орындар анықталды.

Орталық қызметкері  Айсұлу Бәкібаеваның айтуынша, байқаудың облыстық кезеңіне аудандық және қалалық кезеңдердің 104 жүлдегері қатысқан.

Конкурс жүлдегерлері атанған 59 оқушы облыстық білім  басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Оның ішінде  қала және ауыл мектептерінен І дәрежелі дипломға – 14 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 19 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 26 оқушы ие болды.

Барлық оқушыларға конкурсқа қатысушының сертификаттары табыс етіледі.

Ал, байқаудың үздік жұмыстары "DARYN ECOART" суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың республикалық экологиялық конкурсына жіберіледі.

 

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар