Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Атырауда емханаға келушілердің қызуын тексеретін робот бар

241 рет көрсетілді

Еліміздегі алғашқы пилоттық жоба Атыраудағы №4 қалалық емханада іске қосылды. Робот келушілердің дене қызуын тексеріп, медициналық масканы дұрыс тақпаған адамға  дыбысты ескерту жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Дене қызуын өлшейтін робот құрылғы еліміз бойынша алғаш рет пилоттық жүйе ретінде Атырау облысында іске қосылып отыр. Бұрын әлемдік тәжірибеде сыналған робот құрылғының тиімді тұстары көп. Медицина қызметкері уақытын үнемдейді әрі науқастармен байланыс жасаған кезде арақашықтықты сақтайды. Емхана қызметкері енді робот көрсеткен мониторды ғана бақылап отырады. Өйткені, "ақылды" техника ғимаратқа дене қызуымен келген науқасты бірден анықтайды. Монитор бетіне сол адамның суретін көрсетіп, қызыл түспен ерекшелейді. Ал маскасыз немесе оны дұрыс тақпаған күйі ішке енсе, оның суретін сары түске бояп, дабыл қағады. Дауыстап ескерту жасайды", дейді Атырау қалалық №4 емханасының бас дәрігері Меруерт Өтеғалиева.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар