Әлем • 21 Қазан, 2020

Киевте қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды

32 рет көрсетілді

Бұл туралы "Отандастар қорының" баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстанның Украинадағы Елшілігі және "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен Киев қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз. "Достық" қазақ қоғамдық ұйымына сабақтарға қажетті жабдықтар тапсырылды.

Сонымен қатар "Отандастар қоры" "Қазақ тілі" курсының ІІ семестрі басталғаны туралы хабарлаймыз. Кез келген адам үйде отырып та қазақ тілін онлайн тегін үйрене алады. Ол үшін "OQ-BILIM" Telegram каналына (https://t.me/otandastar_qory) жазылып, арнайы сілтеме арқылы сабақтарға қосылу қажет. Сабақтар тікелей эфирде Microsoft Teams платформасын арқылы өтеді.  

Аталмыш іс-шара "Қазақ сыныбы" жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. 12 елдің 24 қаласында 31 онлайн сыныбын ашу жоспарланған.

132

Тікелей эфирге қатыса алмасаңыз, «Otandastar Channel» YouTube каналына жүктелген сабақтарды көре аласыз. Жоғарыдағы кестеге сәйкес қазақ тілін үйрене аласыздар", делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар