Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Атырауда соңғы екі тәулікте 21 адам коронавирус жұқтырды

429 рет көрсетілді

Қауіпті індет Жылыой ауданындағы Теңіз кеніші мен Атырау қаласында көбірек тіркеліп отыр. Соңғы екі тәулікте 20 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қазанда Теңіз кенішінің 9 жұмысшысы коронавирус жұқтырып еді. Өткен тәулікте олардың қатарына тағы да үш науқас қосылды. Ал Атырау қаласында соңғы екі тәулікте 9 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

"Өткен тәулікте коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты. Қазір 114 науқас үй жағдайында ем қабылдауда" деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар