Қоғам • 10 Қыркүйек, 2020

Жаңа формация жетекшілерін даярлайды

14 рет көрсетілді

Осы аптада Назарбаев Университетінің жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және Сингапур ұлттық университеті Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі жүзеге асыратын «Жаңа формация көшбасшысы» бағдарламасының ресми онлайн ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына Пре­зи­дент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің төрайымы Анар Жайыл­ғанова, Назарбаев Универ­сите­тінің президенті Шигео Катсу, Прези­дент жанын­дағы Мем­лекеттік бас­­­қару акаде­мия­сының ректоры Ерлан Әбіл қатысты.

«Біз бәріміз VUCA әлемінде өмір сүреміз. Бұл ұғым неғұрлым құ­былмалы, болжамсыз және белгісіз, күрделі және түсініксіз деген­ді білдіреді. COVID-19 әле­мі, сондай-ақ COVID-19-дан ке­йінгі болашақ көрінісі – VUCA әлемінің мысалы бола алады. Сце­нарийлік жоспарлаумен танысу және болашақты ойлау, сондай-ақ халықпен және Үкіметтегі әріп­тестерімен стратегиялық ком­муникация құра білу, адамдарды біріктіру және түсіну үшін мінез-құлық түсініктері мен эмоционалды интеллектіні ілгерілету және дамыту өте маңызды. Осы­ның бәрі табысты жоспарлау мен іске асыру арасындағы айырмашылықты анықтайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, нәтижелер маңызды. Осы курс арқылы сіз елге қызмет ету үшін жаңадан уәждеме мен мін­деттеме алатыныңызға толық сенім­дімін», деп атап өтті Назарбаев Универ­ситетінің пре­зиденті Шигео Катсу.

Президент жанындағы Мемле­кет­тік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, тренинг бағдарламасы «Жаһандық көзқарас», «Тиімді коммуни­ка­ция­­лар» және «Транс­форма­циялық көшбасшы­лық» сияқты үш негізгі құзыреттіліктер топтамасына ба­ғыт­­талған. Бұл – тиісті салада ке­­шенді саясат­ты әзірлеу үшін, сондай-ақ мем­лекеттік, үкі­мет­тік бағдарла­ма­ларды және басқа да жобаларды орындау барысын реттеу мен бағалаудың, мемле­кеттік аппараттың инновациялық, нәти­жеге бағытталу, икемділік және прагматикалық қағидат­та­ры бойынша тиімді ұйымдас­ты­рушылық мәдениетін қалып­тас­тырудың маңызды құрамдас бөлігі.

«Жаңа формация басшысы» бағдарламасын Тұңғыш Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жыл­дың 5 қазанында «Қазақстан­дық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жол­дауында алғаш рет жариялаған болатын. Елбасы Назарбаев Университетіне Мемле­кеттік басқару академиясымен бірге саяси басқарушылар мен мемле­кеттік қызметшілерге арнал­ған тренингтер өткізуді тапсырды.

Вице-министрлермен, облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларымен, Президент Әкімшілігінің бөлім бас­шыларымен бірге Прези­дент Әкімшілігінің жас кадрлар резервінен де мамандар оқи­ты­нын атап өткен жөн. 10 апта ішінде жоғары буындағы сая­си мемлекеттік қызметшілер мем­ле­кеттік саясатты әзірлеудің не­гізгі салаларында дағдыларын арттыруға бағытталған тренингтерден өтеді, мемлекеттік бас­қарудағы соңғы үрдістер мен ин­новациялармен, сценарийлік жоспарлау мен перспективалық ойлаумен, мемлекеттік саясат ше­шімдерін қабылдаудағы стра­тегиялық ком­муникация­лармен және мінез-құлық инсайттарымен танысады.

Айта кетелік, Жоғары мем­ле­кеттік саясат мектебінің қыз­меті – адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында маман­дар мен көшбасшыларды тү­бегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқыту. 2012 жы­лы ашылған сәттен бастап атал­ған мектеп Сингапур ұлттық уни­вер­ситетінің Ли Куан Ю атын­дағы мемлекеттік саясат мекте­бімен сенімді стратегиялық әріптестікті қолдап келеді. Жо­ғары мемле­кеттік саясат мектебінің бағдарла­малары мемлекеттік саясат сала­сындағы магистратураны, мемлекеттік басқару саласындағы магистратураны және мемлекеттік сая­сат саласындағы докторанту­раны қамтиды. 2019 жылы Назарбаев Университетінің бұл мектебі Мемлекеттік және му­ни­­ципалды басқару саласын­дағы бағ­дарламаларды аккредиттеу бойын­ша Еуропалық қауым­дастықтың (EAPAA) ресми аккредиттеуінен өтті.а

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар