Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Павлодарда VІ Халықаралық химия олимпиадасы басталды

36 рет көрсетілді

Облыс  орталығындағы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының хабарлауынша,  «Білім-инновация» лицей-интернатында оқушылардың Әбікен Бектұров атындағы VІ Халықаралық химия олимпиадасы жыл сайын өткізіледі.

Суретті түсірген: Ардақ Жоламан

Олимпиадаға  еліміздің 12 өңірінен, Алматы,  Нұр-Сұлтан қалаларынан,  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес мектептерінің, Ресейдің Новосібір қаласынан барлығы  74 оқушы қатысуда  оқушы қатысуда.

Олимпиаданың бірінші күні 18 командаға бөлінген қатысушылар теориялық кезеңнің тапсырмаларын орындады.Қазір келесі кезеңдерге дайындықтар жалғасуда.Жалпы, олимпиаданы өткізу дайындығы жоғары. Бастысы - тәжірибелік кезеңнің өткізілуі. Себебі, химия пәнінен болатын халықаралық олимпиада екі теориялық және бір тәжірибелік кезеңнен тұрады. Ерекшелігі осында,- дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, олимпиаданың қатысушылары және жетекшілері «Ertis» мультимедиялық музейіне экскурсияға баруда.Музейде геология, физикалық география, ежелгі флора мен фаунасының, Кереку өңірінің палеозой заманынан бастап казіргі кезеңге дейінгі тарихымен танысады.Соңынан оқушылар «Batyr mall» сауда-ойын-сауық кешенінде демалады.

Павлодар

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар