Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Алматыда МӘМС енгізгелі бері КТ мен МРТ қызметін пайдалану 54%-ға артты

15 рет көрсетілді

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев пен Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қызмет көрсету туралы баяндады.

МӘМС – бұл Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табысына қарамастан кепілдік берілген Медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік.                                                                                                      

«Жалпы алғанда, МӘМС енгізумен саланы қаржыландыру орта есеппен 52%-ға артты, клиникалық - диагностикалық қызметтердің көлемі 5,2 есеге, қалпына келтіру емі мен паллиативтік көмек 7,8 еседен аса өсті», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Ол МӘМС бойынша барлық қаражат түсімдерінің шамамен 22%-ы Алматыға тиесілі екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, 2020 жылы МРТ, КТ және стоматология сияқты қызметтер үшін төлем кестесі өзгерді.

«Егер бұрын төлем тікелей кеңестік-диагностикалық қызмет көрсететін клиникаларда жүргізілсе, биылғы жылдың басынан бастап бұл емханалар арқылы жүргізіледі. Ол үшін қосымша орындалатын келісім-шарттар жасалады», – деп атап өтті Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдыкапаров.

Сонымен  МӘМС енгізілгелі бері КТ және МРТ қызметтерін тұтыну 54%-ға, УДЗ – 21%- а артты. Еске салсақ, КТ, МРТ, ПТР және ИФТ-талдаулары сияқты қызметтер бұрын тек жеңілдіктегі санаттарға ғана көрсетілетін, қазір МӘМС жүйесінде де қолжетімді.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ауылдағы сервистік әкімдік

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Әлемді қызғылт сары етейік

Қоғам • Бүгін, 07:37

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Елбасы • Бүгін, 07:27

Мұғалім жасаған сабын

Ғылым • Бүгін, 07:09

СКА-ға есе жіберді

Хоккей • Бүгін, 07:09

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Ұқсас жаңалықтар