Қазақстан • 18 Ақпан, 2020

Алыс елді мекендерге газет-журналдар дронмен жеткізіліп жатыр

52 рет көрсетілді

Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы әзірленді, ол жол картасының шараларын және сауда және интеграция министрлігі ұсынған шараларды көздейді.  Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл Қазақстанға экономикалық өсудің жоғары әлеуетін ұсына отырып және қазақстандық тауарларды өткізу географиясын кеңейте отырып, елдегі электрондық коммерцияны дамытуға қосымша серпін береді.

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өз баяндамасында Қазақстан Республикасында электрондық сауданы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде Қоғам екі тармақ бойынша, яғни 11-тармақ «Экспорт мектебі» базасында «Кәсіпкерлік субъектілеріне шетел интернет-алаңдарында қазақстандық тауарларды экспорттаудың негізгі дағдыларын оқыту» және 24-тармағы бойынша «Қажеттіліктерді ескере отырып, қосымша E-commerce орталықтарын ашу» негізгі орындаушы, сондай-ақ 9-тармақты бірлесіп орындаушы екенін жеткізді. 

Жол картасының барлық іс-шаралары белгіленген мерзімдерде орындалуда.

Электрондық сауданы дамыту және Жол картасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаған С. Сәрсенов қазіргі таңда Қазпошта 3 857 бөлімшеден тұратынын, соның ішінде 520-сы франчайзинг моделі шеңберінде екенін айтты. Желі тұрғындардың 100%-ын қамтиды.

Қоғам пошта инфрақұрылымын белсенді дамытуда.

Өткен жылы автоматтандырылған іріктеу желісі 18 миллионнан астам пошта жөнелтімін өңдеді. Алыс елді мекендерге газеттер мен журналдарды дрондармен жеткізу жалғасуда.

Қолжетімділікті дамыту мақсатында компания сәлемдемелер супермаркеті желісін дамытуда. Қазпоштаның қазір еліміз бойынша 248 сәлемдемелер супермаркеті мен 351 поштаматы жұмыс істейді.

Биыл еліміз бойынша 2 күн ішінде 85% пошта жөнелтімін жеткізу мүмкін болды. Бұл пошта инфрақұрылымын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі. 

Электрондық коммерция орталықтары жұмыстарын жалғастыруда. Осы орталықтарда Шағын және орта бизнес өкілдерін интернет-дүкендерді жасауға, тауарларды сатуға үйретеді. Бүгінгі таңда Е-ком орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында ашылған. 2019 жылы осы орталықтарда 2 400-ден астам бизнес өкілдері оқудан өтті. Экспорт мектебі шеңберінде 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері оқыттылды.

2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында фулфилмент орталықтары ашылды. Мұнда интернет-дүкендердің иелеріне тауарларды қабылдау, өңдеу, сақтау, қадағалау және түпкі тұтынушыға дейін жеткізу сияқты қызметтер көрсетіледі. Сонымен бірге, интернет-дүкендер логистика, қойманы жалға алу, персоналға жұмсалатын шығындар және басқа да шығындарын үнемдейді. Сондай-ақ сәлемдемелерді жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша айналымдағы тауарлар көлемі 8 милионнан асты, салыстырмалы түрде 2018 жылы 1,2 млн болды.

«Жалпы, біз 2025 жылға қарай Қазақстанның барлық облыс орталықтарын фулфилментпен қамтамасыз етуді жоспарлаймыз. Осылайша, 2020 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Сарыағаш қалаларында 4 орталық ашу көзделуде», — деді С. Сәрсенов.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар