Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі Зарина Алтынбаева Италияда өткен «Montecatini Opera Competition – 2019» халықаралық байқауынан жүлделі 2-орын иеленіп, лауреат болып қайтты.
Әншінің пиар-менеджері Дина Ыдырысованың хабарлауынша, Зарина байқаудан жеңіспен оралып қана қоймай, «Montecatini Opera Competition» халықаралық опера фестиваліне тағы да бір мәрте қатысуға және Италияның Parma Opera театрында жұмыс істеуге ұсыныс алған. Халықаралық байқау тамыз айында Монтекатини, Тоскана қалаларына өткен. Оған Италия, Аустрия, Ресей, Жапония, Корея, АҚШ, Қытай және басқа да мемлекеттерден ең таңдаулы опера әншілері қатысқан.
«Мұндай маңызды байқауға толқымай, тебіренбей қатысу мүмкін емес. Италия bel canto репертуарының орындалуына өте қатал және қызғанышпен қарайды. Сондықтан шырқалған әннің әр сөзіне, әрбір музыкалық фразаға, әрине Италия музыкасының орындалу дәстүріне аса мән беріп, қатаң сақтауға тырыстым», дейді Зарина Алтынбаева.
Байқау үш турдан тұрған, оған 90-нан аса орындаушы қатысып, 15-і ғана мәреге жеткен. Байқау талабы бойынша әншіге екі арияны итальян тілінде орындау міндеттелген. Мәреге жеткен әншілер Terme Tettuccio сахнасында Болоньи қаласының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен.
Байқауға қатысушылардың өнерін Мәскеу академиялық музыка театрының көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, Ресейге еңбегі сіңген әртіс Феликс Коробов, Монтекатини Терме опера фестивалінің көркемдік жетекшісі, пианист Мария Джулия Граццини, Parma OperArt көркемдік жетекшісі Эдди Ловлио (Италия), Easter Festival Salzburg көркемдік кеңесшісі Джозеф Гассек (Аустрия), Н.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясының ректоры Рубина Абдуллина (Ресей), Иван Козловский атындағы арт-орталықтың көркемдік жетекшісі, режиссер Татьяна Зозуля (Украина), Магнитогорск мемлекеттік опера және балет театрының директоры Илья Кожевников (Ресей), Китакюсю Сити Опера театрының баритоны Гвидо Хассу секілді халықаралық беделді қазылар алқасы бағалады.
Сонымен байқаудың бірінші жүлдесін баритон Александр Чириак (Румыния), екінші орын қазақстандық сопрано Зарина Алтынбаева иеленсе, ал үшінші орынды аустриялық баритон Майкл Фишер мен ресейлік меццо-сопрано Наталья Зимина бөлісті.
Montecatini Opera Festival – техникалық даярлығы мықты, енді халықаралық сахналарды бағындыруды мұрат тұтқан әлемнің жас орындаушылары үшін таптырмас мүмкіндік алаңы. Қазақстанның атынан қатысқан Зарина Алтынбаева – бірнеше халықаралық байқауларда лауреат атанған Абай атындағы опера және балет театрындағы жетекші әншілердің бірі. Ол былтыр Жапонияда өткен «Tokyo Music Competition» халықаралық байқауының 1-орны мен көрермендер көзайымы жүлдесін иеленіп қайтқан болатын. Сондай-ақ 2017 жылы Алматыда өткен халықаралық қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында Димаш Құдайбергеновпен бірге ән шырқады. Азиядағы ең танымал «Star of Asia» жүлдесінің иегері және «Жыл адамы».
АЛМАТЫ
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Кеше
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Кеше
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Кеше
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Кеше
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Кеше
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Кеше
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Кеше
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Кеше
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Кеше
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Кеше
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Кеше
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Кеше
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Кеше
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Кеше
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Кеше
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Кеше
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Кеше
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Кеше
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Кеше
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Кеше
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Кеше
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Кеше
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Кеше
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Кеше
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Кеше
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Кеше
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Кеше
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Кеше
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Кеше
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Кеше
Ауа райы • Кеше
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар