Қалада тұратындардың бәрі емес, бірақ дені қоңсыларының аты-жөнін білмейді, тіпті танымайды. Өйткені бозала таңнан қас қарайғанға дейін жұрттың бәрі жұмыста.

Құдайы көршісінің есімін білмек тұрмақ, қарбалас тіршіліктің қамымен көпшілік кейде тіпті отбасы тәрбиесіне, балаларына көңіл бөлуге уақыт таппай жататынын айтып, мұң шағады. Сондықтан мұнда көршілерін танымау, араласпау, амандық-саулық сұраспау, қасынан ұстарадай лыпып өте шығу... т.с.с. әрекеттер дағдылы жайт болып саналады. Қалалық көршілер тұрмақ бүгінде аңқылдаған ауыл адамдарының өзі іргесін қалың дуалмен қоршап, бірінің үйіне бірі кіріп-шығудан қалып барады. Алайда жүректегі мейірім оты азайып, адамдардың бір-біріне жақсылық жасауы, қолұшын созуы, сыйластығы қасқалдақтық қанындай таптырмас құндылыққа айналған қоғамда қатыгездік пен түрлі қауіп-қатерден сақтанбай болмайтынын біле тұра, есігіне құлып салуды білмеген баяғы ата-бабаларымыздың заманын көксеп, оларды сынап-мінеу, сөгу дұрыс бола қоймас, сірә.
Мұндайда түйсікке рухани дәнді қазақы тәмсілден іздесек, Лұқман хакімнің тәрбиесіне байланысты көне көз қариялардан естіген мынадай ғибратты қағида ойыңа оралады. Ғұламаның бір шаһарда екі үйі болыпты дейді. Бірі зәулім, іші хан сарайымен бара-бар үлкен де, екіншісі ешкімнің назарын аудара қоймайтын жатаған әрі кепедей тым тар болыпты. Бірде Лұқман хакім осы үйлерін сатып басқа жаққа көшуге жиналады. Ол үшін әуелі үйін сатуға тура келеді. Қазіргі күннің өлшеміне салсақ, үлкенін қымбатқа, жұпыны үйін арзан бағаға сататыны белгілі ғой. Бірақ олай емес, керісінше кең сарайлы үй арзанға, ал лашығы қымбатқа бағаланады. Сонда сатып алушы хакімнің мұнысына түсінбей, бұлай етуінің жай-жапсарын сұрайды. Лұқман хакім мына үйімнің өте тар лашық екені рас, бірақ қасымдағы көршім жақсы адам еді. Ал бұл Алла тағаланың бұйрығымен ғана нәсіп ететін бақыт, дүниені шыр айналсаң да ондай жандарды таппайсың. Сондықтан мен үйдің құнынан жайсаң көршімді жоғары бағаладым, депті.
Бүгінде ел арасында кең тарап кеткен «Қоныс сайламас бұрын көршіңді сайла», «Үй алма, көрші ал» деген мәтелдер кейінгі ұрпаққа содан мұра болып қалса керек. Тек қазақта ғана емес, көрші туралы жер бетіндегі бүкіл халықта қадау-қадау қағидалар сақталған. Аварларда «Анасы мақтағанды алма, көршісі сыйлағанды қарма», орыста «Көршіңмен тату-тәтті бол, бірақ үйіңнің қақпасы болсын», еврейлерде «Үй сатып алмас бұрын, алдымен, көршіңнің кім екенін біл», парсы халқында: «Көктемде ерінбеген адам қыста көршісінен арпа сұрап алақан жаймайды», жапондарда: «Көршінің піскен күріші әппақ көрінер», моңғолдарда: «Көршіңнен іздемес бұрын сандығыңның түбіне үңіл»... т.с.с. мақал-мәтелдер өте көп кездеседі. Және бұлардың түп-төркінінің тамырлас, етене жақын болып келетіндігі қандай ғажап! Өйткені қай халық болсын, ұлт болсын ежелден көрші деген ұғымға айрықша мән беріп, қастерлеген, қадірлі қонағындай құрмет тұтқан. Қуанышы мен қайғы-мұңын алдымен ағайын-бауырдай араласып-құраласып кеткен жақын көршісімен бөлісу әр адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінің өзегі десек, көршіңді Құдайыңдай сыйлау сезімі әркімнің өмірден көрген-түйгеніне, ата-анасынан алған отбасылық тәрбиесіне байланысты көрініс табатыны тағы аян.
Қазақ әдетте «Құдай қосқан көршім» деп қоңсыны ақ тілеуіне, ниеті пен пейіліне қарай қабылдайды. Басқа іс түскенде, қысылтаяңда, алдымен айналайын, көршің жетіп келеді көмекке. Арайланып атқан әр таңды амандықпен бірге қарсы алатын да, батар күнді ұясына бірге қондыратын да – тіршілігіңнің жалғыз куәгері, яғни көршің. Дейсің, әрине. Содан да «Көрші хақысы – Тәңір ақысы», «Алыстағы ағайыннан, алдыңдағы көршің артық», «Жақынның жаманын мақтама, көршіңнің ала жібін аттама», «Отты үрлей берсең, өшіресің, көршіні күндей берсең, көшіресің», «Туыс – атадан, көрші – Алладан»... дейді қазекем. Көрші туралы мақал-мәтелге қазақтан бай халық жоқ-ау, сірә. Көбіміз ауылда туып-өскендіктен мұндай құнды ойлардың қандай мән-мағынаға ие екенін өте жақсы түсінеміз. Әңгімеміздің басында айтып өткеніміздей, қазір көрші туралы ұғым заманмен бірге жаңғырып, сыртқы түр-сипатына дейін өзгеріске ұшырағаны мәлім. Сөйтсе де «көршілердің былай істегені дұрыс, ал мынауы қате» деп сыртынан сыпыра сықпыртып сыни пікір айту қиын. Шіркін, әр күніңді уайым-қайғысыз, жақсы көңіл күймен өткізгенге не жетсін! Мұны не үшін айтып отырмыз? Өйткені бетпе-бет кездесе қалған сәтте қараптан-қарап бүйеше жиырылғыш, ұрынарға қара таппайтын дау-дамайшыл көршің болғаннан асқан адамға қорлық жоқ-ау дейсің кейде. Көршілер көрінбейді. Бірінің үйіне бірі бас сұқпайды. Араласпайды. Сәлемдеспейді. Деген сөздің бәрі мынадай сұмдықтың жанында түймедей нүкте ғана болып кішірейіп қала береді екен. Ауызбірлікке, ынтымаққа құрылған қарапайым қалыбымыздан өткеннің өнеге өрнектері өшіп, көмескі тартуына, халқымыздың қанына сіңген байырғы дәстүрлерден көз жаза бастауымызға кінәлі адам ба, заман ба?
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Кеше
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Кеше
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Кеше
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Кеше
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Кеше
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Кеше
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Кеше
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Кеше
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Кеше
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Кеше
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Кеше
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Кеше
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Кеше
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Кеше
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Кеше
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Кеше
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Кеше
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Кеше
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Кеше
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Кеше
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Кеше
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Кеше
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Кеше
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Кеше
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Кеше
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Кеше
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Кеше
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Кеше
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Кеше
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Кеше
Ауа райы • Кеше
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар