"Abai. Book of Songs" – Абай әндерінің кітабы тұңғыш рет ағылшын тілінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен онлайн-концерт форматында таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Кітаптың тұсаукесері және концерт қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар сериясының бір парасы.
Кітапты Қазақстан Ұлттық аударма бюросының қолдауымен Елшілік басып шығарды. Ішінде Абайдың авторлығымен жазылған 23 ән мен үш күй, сондай-ақ партитуралар мен музыкаға бейімделген ағылшын тіліндегі әндердің мәтіндері бар. Оқырмандардың, сондай-ақ, QR-кодтар арқылы www.kitap.kz сайтына кіріп, Абайдың қазақ тіліндегі әндерін тыңдауға мүмкіндіктері бар.
Шотландияның атақты ақыны және көптеген марапаттардың иегері, соның ішінде беделді "Forward Prize for Poetry" және "T. S. Eliot Prize" те бар, профессор Джон Бернсайд өлеңдердің ағылшын тіліндегі аудармасын жасады. Ол Абай лирикасының мағынасын жеткізіп қана қоймай, түпнұсқа әуендерінің ырғағына барынша жақын болуға тырысты. Беделді Гилдхолл Музыка және драма мектебінің профессоры Саймон Уиллс кітапқа алғы сөз жазып, оны қазақ музыкасының рухына арнады.
Онлайн-концерттің ашылуында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов: "Абай кейінгі ұрпаққа әдеби шығармашылығымен қатар қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған бай және алуан түрлі музыкалық мұрасын қалдырды. Кітапты оқыған ағылшынтілді аудитория Абайды жаңа қырынан ашады", деді.
Концерт аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, әлемге әйгілі музыкант Айман Мұсақожаева мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Абайдың музыкалық шығармаларынан попурри орындады. Танымал қазақстандық жас әнші, "Балалар Евровидениесі – 2019" байқауының жүлдегері Ержан Максим өзінің тәлімгері Гүлмира Ахмедьярованың фортепианодағы сүйемелдеуімен "Желсіз түнде жарық ай" әнін тарту етті.
Британия эстрадасаның жаңа жұлдызы Smilee "The Apple of My Eye" ("Көзімнің қарасы") әнін орындаса, опера әншісі Джозефин Хоторн түрік пианисі Илайда Дениз Огуздың сүйемелдеуімен "Blessings on You" ("Айттым сәлем қалам қас") әнін ұсынды.
Қазақ фольклорлық музыкасының шеберлері Ерлан Рысқали мен Перизат Тұрарова домбыраның сүйемелдеуімен "Өлсем орным қара жер сыз болмай ма" және "Есіңде бар ма жас күні" әндерінің классикалық нұсқаларын шырқады.
Кантри-рок стиліне маманданған британиялық әнші Аннабель Паттинсон "The Moon" ("Желсіз түнде жарық ай") әнінің жаңаша интерпретациясын ұсынса, күйші Рүстем Нұркенов "Торжорға" күйін ежелгі аспап, дәстүрлі түрде Абай күйлерін орындау үшін пайдаланылатын үш ішекті домбырада орындады.
Профессор Дж.Бернсайд пен профессор С.Уиллс Абай шығармашылығының поэтикалық және музыкалық аспектілері туралы өз ойларын ортаға салды. Дж.Бернсайд: "Қазақ ағартушысының өлеңдерін аудару жұмысы шығармаларының жан-жақтылығы мен тереңдігіне, сондай-ақ ырғақтық ерекшеліктеріне байланысты өте қызықты әрі күрделі болды. Ұлы ақын өзінің әндері арқылы тыңдаушымен сұхбаттасады. Сонымен қатар қарапайым, ұғынықты тілде махаббат, достық, қайғы-қасірет, қуаныш және басқа да эмоцияға толы күрделі тақырыптарды талқылайды", деді.
С.Уиллс өз монологында қазақ музыкасының ерекшеліктері мен оның еуропалық классикадан түбегейлі айырмашылықтарын тақырып өзегіне айналдырды. Ол Абай шығармашылығы мен жалпы қазақ музыкасы импровизацияға негізделгеніне және орындау бойынша бекітілген нұсқаулар жиынтығына бағынбайтындығына ерекше тоқтады. Сондықтан, оның айтуынша, ағылшын тілді оқырмандар кітаптағы әндерді орындау кезінде импровизация өнеріне дайын болулары керек екенін атап өтті.
Концерт Елшіліктің сайтында, сондай-ақ Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілді.
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
ШҚО-да зейнеткердің сандығына ұры түсті
Аймақтар • Бүгін, 10:35
ХҒС Қазақстанның ғарыштан түсірілген фотосын жариялады
Қазақстан • Бүгін, 10:33
Сирияда лаңкестердің шабуылынан екі сарбаз қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:28
Әлемде 95 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды
Әлем • Бүгін, 10:18
Елімізде 1000-нан астам жүргізуші жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 10:12
ЕАЭО елдері өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы жаңартуды жоспарлап отыр
Экономика • Бүгін, 10:09
Әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетіледі?
Қоғам • Бүгін, 09:59
Ресейліктер жаппай вакцина салғызып жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:52
Нұр-Сұлтанда жаңа емхана ашылады
Елорда • Бүгін, 09:49
Жамбыл мектептерінде 222 оқушы қашықтан оқып жатыр
Білім • Бүгін, 09:35
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Өткен тәулікте 468 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
«Самұрық-Қазына» басшысы «Қазатомөнеркәсіптің» 2020 жылғы алдын ала қорытындыларын тыңдады
Экономика • Бүгін, 09:10
Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Аймақтар • Бүгін, 08:16
Шалқар көлін сақтап қалудың басты жолы
Аймақтар • Бүгін, 08:12
Саяси модернизация кезеңі келді
Пікір • Бүгін, 08:10
Пікір • Бүгін, 08:09
Мәжіліс комитеттерінің құрамы бекітілді
Парламент • Бүгін, 08:06
ҚазҰУ: Жер учаскелерін иеліктен шығаруға өтініш берілген емес
Қоғам • Бүгін, 08:04
Меркельдің орнына Лашет келе ме?
Әлем • Бүгін, 08:03
Коронавирус қайта өршіп келеді
Қоғам • Бүгін, 08:02
Руханият • Бүгін, 07:54
Құрылыс саласындағы инновациялар
Қоғам • Бүгін, 07:49
Ұлттық банктің болжамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 07:47
Ұқсас жаңалықтар