Парламент • 01 Желтоқсан, 2020

Парламенттік Ассамблеяның отырысына қатысты

8 рет көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі. Бейнеконференция форматында Кеңес отырысы және ҰҚШҰ ПА он үшінші пленарлық отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Отырыстарда Ресей Федера­циясының ҰҚШҰ-ға 2020 жылы төрағалық ету басымдықтарын іске асыру жөніндегі жұ­мыстың қорытындылары, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның жауапкершілік айма­ғын­дағы жағдай және ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы айтылды.

Сонымен қатар Парламент өкілдері жаппай қырып-жою қаруының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, жаңа психобелсенді заттарды мемлекеттік тіркеуге қатысты ҰҚШҰ мемлекеттерінің ортақ тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың авиациясының халықаралық ұшуларын ұйымдастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар қабылдады.

Отырысқа қатысушылар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық заңна­ма­сын жақындастыру және үйлестіру жөнін­дегі 2021-2025 жылдарға арналған Қыз­мет бағдарламасын, сондай-ақ ҰҚШҰ ПА-ның 2021 жылға арналған жұ­мыс жоспарын бекітті.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, құ­жат­тар Ассам­блея­­ның нормативтік-құқық­тық базасын тереңдету үшін тақы­рыптар мен бағыт­тар кеңінен қамтылып, бүгінгі күннің шынайылығын ескере отырып, егжей-тегжейлі пысықталған.

Сондай-ақ келесі бес жылға арналған бағдарламада ауқымды деректерді қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ұлттық заңнаманы дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, цифрлы қолтаңбалар жасау мәселелеріне қатысты модельдік актілер бар.

Отырыстарға Армения, Беларусь, Қа­зақ­стан, Қырғызстан, Ресей және Тәжік­стан­ның парламент және палатала­ры­ның басшылары, сондай-ақ Ауғанстан мен Сербия ҰҚШҰ ПА бақылаушы ретінде қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар