Аймақтар • 27 Қараша, 2020

Атырауда тұрақтандыру қоры 605 тонна көкөніспен толықты

21 рет көрсетілді

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры 605 тонна көкөніспен толықты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қолға алынып отыр. Осыған орай тұрақтандыру қорына 361 тонна картоп, 80 тонна пияз, 50 тонна сәбіз, 114 тонна қырыққабат сатып алынды.  

«Биыл «Феликс» шаруа қожалығымен 605 тонна көкөніс жеткізуге форвардтық келісім-шарт жасаған едік. Соған сәйкес жеткізілген өнім шаруа қожалығының жеке қоймасында сақталады. Ал тұрақтандыру қоры арқылы сатылатын көкөніс бағасы өткен жылғы деңгейде қалады», - дейді «Атырау» ӘКК» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және МЖӘ жобаларын сараптау департаментінің басшысы Гүлмира Меңдіғалиева.

Оның айтуынша, көкөніс тұтынуда тапшылық байқалып отырған жоқ. Бағаның өсіміне  жол берілмеген. Енді тұрақтандыру қорындағы көкөністер желтоқсанда төрт сауда нүктесінде бекітілген бағамен сатыла бастайды.

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Генерал киген китель

Оқиға • Бүгін, 07:28

Ұқсас жаңалықтар