Қазақстан • 27 Қараша, 2020

Биыл Қазақстанның 7 өңірінде автожол жобаларының учаскелері пайдалануға берілді

13 рет көрсетілді

Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 399 шақырым болатынреспубликалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалыпқа келтірудің 8 учаскесі қолданысқа берілді. Құрылыс еліміздің 7 өңірінде аяқталды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Павлодар облысында «Нұр-Сұлтан – Павлодар» тасжолының 91 шақырымы пайдалануға берілді. Солтүстік Қазақстан облысында жолшылар ұзындығы 36 шақырым болатын «Петропавл- РФ шекарасы(Курган), Көкшетау қаласына кіреберіс» учаскесін қайта жаңартты. Ал Маңғыстау облысында «Бейнеу – Ақжігіт»жолының 0-85км учаскесіжәне«Жетібай-Жаңаөзен» жолының 73 шақырымы тапсырылды. Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш-Атырау»автожолыныңұзындығы 17 шақырымдықучаскесі реконструкциядан өтіп, қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, Атырау облысында «Атырау-Астрахань»тасжолының 20 шақырымдық аумағы мен Алматы облысында «Үшарал – Достық» жолының30-60км учаскесі де жаңартылды. Сондай-ақ, жол компанияларымен Орталық-Оңтүстік дәлізінің екі аумағы пайдалануға берілді. Атап айтсақ, 47 шақырымды құрайтын Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары.

Айта кетейік, биыл елімізде құрылыс пен қайта жаңарту жұмыстарымен  республикалық маңызы бар автожолдардың 4 мың шақырым қамтылған.

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Ұқсас жаңалықтар