Руханият • 24 Қараша, 2020

Қазақстанда алғаш рет "Сұлтан Бейбарыс" балеті сахналанады

52 рет көрсетілді

4-5 желтоқсан күндері "Астана Балет" театрында "Сұлтан Бейбарыс" қойылымының премьерасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қойылымда Мысыр мен Сирияның мәмлүк сұлтаны болған Бейбарыстың тағдыры көрсетіледі. Тағдырдың қалауымен бала туған үйінен жырақтап, жалдамалы жауынгер-мәмлүк болу үшін құл базарында сатылған. Әскери істе табысқа жеткен Бейбарыс уақыт өте келе әскерді ғана емес, бүкіл елді басқарған. Осылайша тарихтағы жаңа белесті бастаған.

Балетті қоюға Қазақстанның талантты өнер қайраткерлері атсалысты. Мысалы, либреттоны ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков жазса, Хамит Шанғалиев пен Әлібек Әлпиев музыкамен әрледі. Қоюшы-хореограф Мукарам Авахри - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Балет" театрының бас балетмейстері. Қоюшы-хореографтың көмекшісі - Айжан Жүнісова. Сондай-ақ қойылымға халықаралық жобаларымен танымал, шетелдік білікті мамандар сценограф және қоюшы-суретші Леонид Басин пен костюмдер әрлеушісі Ася Соловьева ат салысты.

"Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау" қорының тарихи балет қою туралы идеясы "Самұрық-Қазына" АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Қоюшы-хореограф Мукарам Авахридің айтуынша, бізге таныс сюжетті жаңа формада қоя отырып, таңсық ойларға жетелейді.

"Сұлтан Бейбарыс" балетінің дайындағы бір жыл бұрын басталған еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты премьераны бірнеше рет кейінге қалдыруға тура келді. Жоба авторлары балет көрерменге жол тартқанға дейін түрлі қызықтарды айтып, қазақ өнер әлеміне жаңа форматтағы дүние болатынын айтады.

Премьера 4-5 желтоқсан күндері "Астана Балет" театрында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтеді. Адам саны шектеулі және маска тағу міндетті.

Балеттің премьерасы қарсаңында болашақта елдің барлық театр орындарын біріктіруге және оның қоғамдағы рөлін кеңінен насихаттауға арналған vteatre.kz жаңа пилоттық платформасының іске қосылуы туралы да айтылуда.

 

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Генерал киген китель

Оқиға • Бүгін, 07:28

Енді ешкім дауласа алмайды

Таным • Бүгін, 07:13

Ұқсас жаңалықтар