Елорда • 30 Қазан, 2020

Елордада жас отбасыларға "Отбасылық демалыс" байқауы басталды

25 рет көрсетілді

Жастар саясаты мәселелері басқармасы елордадағы жас отбасыларға арналған "Отбасылық демалыс" байқауының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысу үшін "Отбасылық демалыс" деп анықтап, өтінімді elorda.otbasy@gmail.com электрондық поштасына немесе +7 705 632 03 32 нөмірі бойынша тіркеу туралы куәліктің көшірмесін; байланыс ақпаратын (телефон нөмірлері, тұратын ауданы, әлеуметтік желілердегі аккаунттар, отбасы мүшелерінің саны) жіберу қажет.

Байқау шарты бойынша 2020 жылы Қазақстан аумағындағы демалыста түсірілген( 3-тен 5-ке дейінгі) отбасылық фотосуреттерді (карусель) Instagram парақшасына жариялау талап етіледі. Постта қызықты фактілерді, отбасы тарихын көрсете отырып, демалыс орнын сипаттау керек. Сондай-ақ #семейныйотдых, #Отбасылықдемалыс, #отанотбасынанбасталады, #NSjastary, #OtbasyBakytMekenim хэштегтерін көрсетіп, @ns_jastary және @elorda.otbasy аккаунттарына тіркелу қажет.

Жеңімпаздар 20 отбасының ішінен іріктеліп, оларға тұрмыстық техника мен электроника сатып алуға 25 мың теңгеден сертификаттар беріледі.

"Жеңімпаздарды анықтау кезінде фотосурет креативті, мәтіннің мазмұнды болуы маңызды, тарихи аспект, локацияның ерекшелігі, регламенттің сақталуы ескеріледі", деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Өтінімдер 11 қарашаға дейін қабылданады.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар