Президент • 29 Қазан, 2020

Мемлекет басшысы Сума Чакрабартиді қабылдады

23 рет көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Президенттің кеңесшісі –  Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады.

Кездесу барысында биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланған Реформа жөніндегі Жоғары Кеңестің екінші отырысына дайындық барысы және Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар