Саясат • 29 Қазан, 2020

Сайлау комиссиясының мүшелері қалай оқытылады?

21 рет көрсетілді

Қазақстанда сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтан оқыту және тестілеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқыту барысын Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина айтып берді.

"Электораралық кезеңде Орталық сайлау комиссиясының қызметі екі бағытқа топталады. Бұл – үздіксіз электоралдық оқыту арқылы тұрақты негізде жұмыс істейтін аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсібилік деңгейін арттыру және бұған қажетті шарт ретінде әдістемелік кешендер мен оқыту материалдарын әзірлеу. Атап өткен жөн, "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заң электоралдық оқытуды ұйымдастырудың құқықтық базасы болып саналады – 12, 14 және 18-бапта сайлау жүйесі органдарының өкілеттіктерінде сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу көзделген.

Сайлау комиссиялары мүшелерін жергілікті бюджет қаражатына оқытуды ұйымдастыру үшін құқықтық реттеу "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 27 және 31-баптарында және Бюджет кодексінің 54 және 55-баптарында көрсетілген. Жыл сайын қабылданатын электоралдық оқытудың "жол картасына" сәйкес, сайлауды ұйымдастырушылар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, сот жүйесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және электоралдық процестің басқа да қатысушылары үшін оқыту шаралары өткізіледі", деді С.Мұстафина Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста.

Оның айтуынша, биыл электоралдық оқытудың "жол картасы" аясында Орталық сайлау комиссиясы республикалық және өңірлік деңгейлерде сайлау процесіне қатысушылар арасынан мыңнан астам адамды қамти отырып, 24 оқыту шарасын, дәрістер, семинарлар және тренингтер өткізген. "Жол картасын" жүзеге асыруда Білім және ғылым министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Кәсіби даму институты, ҚР кәсіби тарихшылары мен қоғамтанушылар лигасы, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы және жетекші университеттер мен академиялар ОСК әріптестері болып отыр. Спикер хабарлағандай, әріптестік негізде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы деңгейінде халықаралық шаралар да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Халықаралық демократияны дамытудың мониторингі институтымен, РФ ОСК жанындағы ресейлік сайлау технологияларын оқыту орталығымен табысты жобалар іске асырылды, сондай-ақ шет мемлекеттердің Орталық сайлау комиссияларының халықаралық конференцияларына қатысқан.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар