Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Мойынқұм ауданында бірқатар мәселе шешімін табуда

28 рет көрсетілді

Бүгінде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының даму қарқыны жоғары. Барлық салада өсу бар. Бұл туралы бүгін Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев Тараз қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 59 078,0 миллион теңгеге жеткен. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 13 272,5 миллион теңгені құраған. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін  2900,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сол сияқты ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі 4459,4 теңге болған.

"Көктемгі егіс дала жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді. Атап айтсақ, биылғы жылы егіс алқабын 334 гектарға арттырып, жоспарланған 5408 гектар жер толық игерілді. Көктемгі егіс дала жұмыстарына Үкімет тарапынан кепілдендірілген бағамен аудан шаруашылықтарына 390 тонна жанар-жағармай бөлініп, аудан шаруашылықтарының егістік жер көлеміне сәйкес таратылып берілу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, Мойынқұм ауданында жер ерекшелігіне қарай егін шаруашылығымен "Шу" өзенінің бойындағы 7 елді мекеннің шаруашылықтары айналысады. Өткен жылы аудандық бюджет есебінен 60,0 миллион теңгеге жалпы ұзындығы 69,0 шақырым болатын 9 тоғанды механикалық тазалаудан өткіздік. Биылғы жылы да жалпы ұзындығы 51 шақырым болатын тоғандарды тазалау жұмыстары ұйымдастырылып отыр. Бұл жұмыстарға аудан бюджетінен 16,4 миллион теңге қаржы бөлінсе, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 52,4 миллион теңге қаржы қаралып, тазалау жұмыстары жүргізілуде", деді Мәден Мұсаев.

Сонымен қатар, биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы арқылы ауданда 21 ауылішілік жолдарды орташа жөндеу үшін 454,5 миллион  теңге қарастырылған. Ал, аудандық бюджет есебінен 9 ауылішілік жолдарды жөндеуге 206,2 миллион теңге бөлінген. Қазіргі таңда жұмыс жүргізілуде екен. Сол сияқты, аудан бойынша жалпы 24 ауылдық елді мекеннің 17 елдімекені немесе 70,8 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген.

"2019 жылы жалпы 258,5 миллион теңгеге ауызсу құбыры құрылыстарының жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде жобалық құны 426,3 миллион теңгені құрайтын "Қылышбай ауылындағы ауызсу ғимаратының және су құбыры құрылысының 2-кезеңін салу" нысанына 111,0 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылға осы жобаны аяқтауға 302,0 миллион теңге қаражат қарастырылып отыр. 2019 жылы жобалық құны 996,4 миллион теңгені құрайтын "Балқаш көлінен Бурылбайтал стансасына дейін су құбыры және су қабылдау ғимараттары құрылысын салу" және жобалық құны 583,6 миллион теңгені құрайтын "Бурылбайтал-Мирный-Қияқты топ су құбыры құрылысын салу" жұмыстары толық аяқталды. 2020 жылға жобалық құны 780,0 миллион теңге болатын "Қарабөгет-Сарыөзек ауылдарын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы" жобасын қаржыландыруға өтінім берілді", деді әкім.

Жалпы, жиын барысында Мәден Мұсаев қазіргі таңда халықтың сұранысы ауыл-аймаққа газ құбырын жүргізу болып отырғанын жеткізді. Әкім қазіргі кезде көптен бері күрделі мәселе болып келе жатқан елдімекендерге көгілдір отын тарту жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Яғни әкімдік көрші Шу ауданындағы газ стансасымен келісімге келіпті. Сондай-ақ, аудандағы түрлі саладағы жұмыстар туралы да әңгімеледі.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар