Қазақстан • 28 Қазан, 2020

Шаңырақ "5-10-20" бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

248 рет көрсетілді

Бүгіннен бастап Шаңырақ "5-10-20" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Әкімдікте кезекте тұрған азаматтар бүгіннен бастап баспанаға мұқтаж жан ретінде құжат тапсыра алады. Бұл жобаға 1986-2017 жылдар аралығында кезекке тұрған адамдармен қатар 2018, 2019 және 2020 жылдары әкімдікке өтініш тапсырғандар да қатысуға құқылы",  делінген банк хабарламасында. 

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне тиесілі отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан асып кетпеуі тиіс (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап күнкөріс минимимуы – 32 668 теңгеге тең).

Сонымен қатар тұрақты айлық табыс немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде) болуы талап етіледі. Бірақ 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден көп болмауы керек.

 

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар