Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Тараздық дәрігерлер өңешінде тиын тұрып қалған баланы аман алып қалды

39 рет көрсетілді

Тараздық дәрігерлер өңешінде тиын тұрып қалған 9 жастағы баланы құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ойнап отырған 9 жастағы бала байқамай тиынды жұтып қойған. Бір сағаттан соң оның тыныс алуы қиындап, жағдайы нашарлаған. Бұдан соң, ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Өкпе жасушаларын түсірген рентгенография қорытындысы өңештің жоғарғы жағында бөгде заттың тұрғандығын анықтаған.

"Шұғыл түрде оны алу үшін Фолея (Испания) катетері (резеңке түтік) қолданылды. 2-3 см үрленетін 2 қуысты силиконды түтікті дене қуысындағы заттарды босату, дәрілік заттарды енгізу, шаю немесе оларды өткізу мақсатында сыртқы ортамен байланыстыратын резеңке түтікпен балаға жалпы наркоз салынды. Жалпы бұл әдіс оқыстан болған шұғыл жағдайда тиімді. Себебі уақыт өтіп кетсе, денеге бейімделіп кеткен затты алу қиынға соғады. Дәрігерлердің уақытылы көмек көрсеткенінің арқасында баланың жағдайы жақсарып, бала медициналық ем-шарадан кейін үйіне қайтарылды", - делінген хабарламада.

Тәжірибелі хирургтар Нұртуған Әлқуатов пен Әлімжан Әлкенов мұндай оқиға жиі болмаса да, кездесіп тұратынын айтты. Дәрігерлер ата-аналарға барынша сақ болып, балаларын қараусыз қалдырмай, оларға көбірек уақыт бөлуді және ұсақ заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою керектігін ескертті.



Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар