Қазақстан • 26 Қазан, 2020

Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары өзгерді

16 рет көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына сәйкес Қазақстанның туроператорларына Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы хабарлайды.

Осылайша, шетелден Қазақстанға авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары былайша өзгертілді:

  1. Шетелден Қазақстанға авиарейстермен келген барлық адамдар (5 жасқа дейінгі балаларды, оларды алып жүретін адамдарда анықтама болған кезде; ҚР үкіметтік делегацияларын; ҚР СІМ шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; әуе компаниялардың экипаждарын қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 3 тәуліктен ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынады.
  2. Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады.
  3. Дене қызуы норманың шегінде келген, анықтаманы ұсынған адамдарға тиісті қолхат ала отырып, covid-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі, олар белгіленген жері бойынша жүруді жалғастырады.
  4. Дене қызуы жоғары келген адамдар анықтаманың болуына қарамастан инфекциялық стационарда оқшаулануға жатады.
  5. ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған кезде ПТР әдісімен covid-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулауға жатады. Covid-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға тиісті қолхат ала отырып, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.

Осы қаулы 2020 жылғы 27 қазан сағат 00-де күшіне енеді.

Қазақстанның туристік компаниялары өз қызметі барысында басшылыққа алуы және күтпеген жағдайларды болдырмау үшін сырттан келетін туристерге қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды ескеруі қажет.

Соңғы жаңалықтар

Оралда 198 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 18:28

Доллар қымбаттап жатыр

Экономика • Бүгін, 15:54

COVID-19: Қартаюды жақындатуы мүмкін

Коронавирус • Бүгін, 14:43

Күзенді қырған COVID-19

Әлем • Бүгін, 13:14

Қыстың бірінші күні үсіп қалған

Аймақтар • Бүгін, 12:18

Алтайлық аналар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Ұқсас жаңалықтар