Президент • 22 Қазан, 2020

Қазақстан Президенті Оңтүстік Корея Президентімен телефон арқылы сөйлесті

20 рет көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Инмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин Оңтүстік Корея басшысының 2019 жылы сәуірде елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында бекітілген уағдаластықтардың нәтижесінде қол жеткізілген табысты экономикалық ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

Президент Мун Чжэ Ин Алматы қаласында «Hyundai» жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыттың ашылғанын ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия салдарына қарамастан тауар айналымының жоғары қарқынына көңілі толатынын білдірді.

Екі ел Президенттері халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда Дүниежүзілік сауда ұйымы мен МАГАТЭ аясында екі ел ынтымақтастығының нығая түскенін айтты. 

Әңгімелесу барысында коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі табысты ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

Президент Мун Чжэ Ин Қасым-Жомарт Тоқаевты Корея Республикасына келесі жылы сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар