Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Түркістан облысында көпбалалы ана баспаналы болды

43 рет көрсетілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған "Қамқорлық" жобасы Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінде жалғасын тапты. Ауылдық округтегі жанашыр кәсіпкерлер мен ауыл жастары демеушілік жасап, көмекке мұқтаж тағдыр тауқыметін тартқан жандардың бірі, ауыл тұрғыны жалғыз басты 8 баланың анасы Рыскүл Торыбаеваға 6 бөлмелі тұрғын үй салып берді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақсылыққа ұмтылған жандар арқылы басыбайлы баспана бұйырған отбасындағы балалардың қуанышында шек жоқ. Жылдар бойғы қиындықтан құтылған ананың айтар алғысы айрықша. Көпбалалы отбасы мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған.

«Қамқорлық» бағдарламасын "Nur Otan" партиясының Түркістан облыстық филиалы мен облыс әкімдігі бірлесіп үйлестірді. Игі шара тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Бағдарлама аясында аудан, қалалардағы тұрмыс тауқыметін тартқан отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Мұндай отбасыларды анықтау үшін құрылған арнайы комиссия құрамына ауыл ақсақалдары мен жергілікті белсенділер кірді. Кешенді бағдарлама аясында 2000-ға жуық адамға көмек берілді. Отбасылар азық-түлік, киім-кешек, материалдық көмек көрсетілуде.  Оның ішінде 35 отбасына тұрғын үй алып берілсе, 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 178 адам қоғамдық жұмысқа тартылған.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Ұқсас жаңалықтар