Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Шығыс Қазақстанда жасөспірім ауылдасын пышақтап өлтірген

817 рет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында адам өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады. Департамент Глубоковский ауданы, Белоусовка ауылының 17 жастағы тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша 30 жастағы азаматтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Глубоковский ауданының полициясы және полиция бөлімінің қызметкерлері аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Белоусовка ауылының 2003 жылы туған тұрғынын ұстады", деді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Сағат Мәдиевтің сөзіне қарағанда, күдікті кінәсін мойындады. Тергеу әрекеттері барысында жасөспірімнен пышақ алынды.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар