Қазақстан • 22 Қазан, 2020

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын елден шығаруға тыйым салды

15 рет көрсетілді

Энергетика министрлігі ай сайын Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын бекітеді. Ол әкімдіктерден келіп түскен жиынтық өтінімдер негізінде жасалады. Сұйытылған газды ішкі нарыққа жеткізуді 9 өндіруші зауыт жүзеге асырады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы сұйытылған мұнай газының өндірісі 3,2 млн тоннаны құрады. Биыл да осы көрсеткіш болады деп күтілуде. 2019 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі 1,4 млн тоннаны құрады, ал СМГ тұтыну болжамы 1,5 млн тонна болады деп күтілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ЭМ Газ және мұнай-газ-химия департаментінің директоры Зияш Қияқбаев мәлімдеді.

«Елімізде сұйытылған газға белгіленген шекті көтерме баға тоннасына 43 345 тг. құрайды (ҚҚС қоса алғанда). Бұл баға шекаралас және көрші елдердегі экспорттық бағалардан ғана емес, көтерме бағалардан да төмен. Мысалы, Ресейдің шекаралас облыстарында баға тоннасына 164 100 тг., Тәжікстанда – тоннасына 182 750 теңге. Қазақстандағы және көрші елдердегі аталып өткен бағалардағы айтарлықтай өзгешелік өз кезегінде ішкі нарықта жетіспеушіліктің туындауына және көлеңкелі экспортқа алып келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде, ішкі нарықта дефициттің орын алуына әкеледі. Мұндай жағдайлар 2017 жылы орын алған, осы фактілерді анықтау үшін Энергетика министрлігі тиісті уәкілетті органдарға хат жолдады», - , - деп атап өтті Қияқбаев.

Оның атап өтуінше, 7 қазанда Энергетика министрлігі Қазақстан аумағынан үш жыл мерзім ішінде автокөлікпен СМГ экспорттауға тыйым салды. Бұл СМГ-ны елден тыс заңсыз шығару және ішкі нарықта СМГ жетіспеушілігін болдырмау үшін жасалды.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар