Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Даладағы өртте 700 бас қой жанып кетті

25 рет көрсетілді

Кеше кешке Жаңақорған ауданындағы Түгіскен ауылында 30 гектарлық алқаптағы күріш сабаны өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылып, жалын 20.48-де толығымен сөндірілді.

Өрт салдарынан жеке шаруа қожалығына тиесілі 700-ге жуық қой өртеніп кеткені белгілі болып отыр. Олардың нақты саны әлі нақтылануда.

Қазір оқиға орнында  арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Өрттең себеп-салдары жайлы бүгін арнайы өтетін брифингте айтылады.  

 

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар