Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Қызылордада 110 қап күріш ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды

539 рет көрсетілді

Кеше Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары жедел профилактикалық шара барысында түнгі сағат 02:37 шамасында «Досқали» елді мекеніне қарай бағыт алып бара жатқан күдікті мотокөлікті байқайды.

Мотокөліктің ізіне түскен полицейлер күдікті көлік иесінің бос тұрған ғимараттың ішіне 20 қап күріш жинап жатқанының үстінен түседі. Тексере келгенде оның бұл күрішті  аудандағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің егістік алқабынан ұрлағаны анықталды. Жедел түрде жүргізілген тексеру барысында бұл азаматтың дәл осы алқаптан 3 күн қатарынан барлығы 110 қап   күрішті қолды қылғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда күріш ұрлаған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабы бойынша сотқа дейінгі  тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Оған қатысты  бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.   

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Қашықтан бақылайтын чек-парақ

Аймақтар • Бүгін, 08:23

Ұқсас жаңалықтар