Медицина • 21 Қазан, 2020

"Kelun – Kazpharm" зауыты жылына 90 млн құты ерітінді шығарады

8 рет көрсетілді

"Kelun-Kazpharm" фармацевтикалық зауыты 2014 жылдың шілде айында пайдалануға берілді және қазіргі уақытта еліміздегі фармацевтикалық өнімдердің ірі өндірушісі, деп хабарлайды Egemen.kz

Зауыттың қуаты ішкі нарықты толық көлемде дәрілік өніммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде инъекциялық ерітінділер өндіруге мүмкіндік береді. Өнім өндірудің жылдық көлеміне жүз елуден астам атау енгізілген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 90 млн. құты инъекциялық ерітіндіні құрайды. Полипропилен бөтелкелерінде жасалған өнімдер тасымалдау мен пайдалануда өте ыңғайлы.

Компания өз қызметінде импортты алмастыру саясатын басшылыққа алатынын атап өту қажет. Бұл ретте халықаралық талаптарға сай және құны бойынша қолжетімді дәрілік заттар шығарылады. Сонымен қатар компания Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей сияқты елдерге өнім экспорттайды.

Қазіргі уақытта барша әлемді жайлаған дерт жеке қорғану құралдарымен және барлық қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті қамтамасыз ету үшін жеке ресурстардың болуы қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуда мемлекеттің қолдауы және қазақстандық дәрілік заттарды өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу жөніндегі "СҚ-Фармация" ЖШС жобасын іске асыру шешуші рөл атқарды. Ынтымақтастықтың мұндай түрі отандық өндірушілер өндіретін дәрілік заттар номенклатурасының тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді. Осындай компаниялардың бірі Бірыңғай дистрибьютормен ұзақ мерзімді шарт жасасқан "Kelun-Kazpharm" болып табылады.

"Бүгінде "Kelun" корпорациясы интернационалдандыру стратегиясын белсенді түрде ілгерілетуде және 20-дан астам елде танымалдылыққа ие болған өнімнің жаппай экспортын жүзеге асыруда. Бұл жұмысты біз сондай-ақ СК-Фармацияның бірыңғай дистрибьюторының қолдауымен, фармацевтика саласын дамыту және жергілікті нарықта дәрілік заттардың құнын айтарлықтай төмендету бөлігінде жүзеге асырдық. Біздің бірлескен жұмысымыздың арқасында отандық фармөнімнің үлесі экспорттың 80%-ын қамтамасыз етеді, нарықтағы өндірістің өзі жалпы көлемнің 20%-ын құрайды", дейді "Kelun-Kazpharm" ЖШС коммерциялық директоры Ермек Молдақапасов.

Сондай-ақ компания басшысының айтуынша, отандық фармацевтикалық заттар өндірісі үлесінің өсуі жаңа өндірістерді іске қосумен және қолда бар қуаттарды жаңғыртумен, сондай-ақ шетелдік әріптестерді тартумен байланысты.

Жоғары сапаны қамтамасыз ету үшін барлық шығарылатын өнім Жапония мен Тайвань өндірісінің заманауи жабдықтарында тестілеуден өтеді, сондай-ақ Сингапурдан импортталатын шикізат пайдаланылады. Компания алғашқылардың бірі болып QR-код арқылы өнімді таңбалау жүйесін енгізді, ол өнімнің қозғалысын қадағалауға және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінде кәсіпорында 420 адам еңбек етеді. Зауыт қызметкерлері жұмысқа қабылданатын әрбір маман үшін фармацевтикалық өнеркәсіп, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласында оқыту жүргізеді. Сонымен қатар, өндіріс ошағы С.Д. Асфендияров атындағы медицина университетімен шарт жасасты. Осылайша оқу орнының түлектері Қытайда біліктілігін арттыру бойынша тағылымдамадан өтіп, білімдерін шыңдайды.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Қашықтан бақылайтын чек-парақ

Аймақтар • Бүгін, 08:23

Ұқсас жаңалықтар