Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Тараздағы №5 емханада амбулаторлық науқастарға арналған фильтр бөлмелер ашылды

8 рет көрсетілді

Қазіргі жұқпалы аурулар өршіп тұрған шақта бұл кабинеттердің маңызы зор. Дертті енді ғана жұқтырған азаматтардан ары қарай тарауын тежеуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі келтірген мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысында арнайы сүзгі бөлмелерінде күніне 50-60 адам тексеруден өтеді. Көбінде жоспарлы ем шаралары қабылданады немесе жүкті әйелдерден ПТР-сынама алынады. Бұдан бөлек, дәрігерлер күн сайын ЖРВИ белгілері бар 5-6 науқасты қарайды.

Алғашқы фильтр бөлмені ашудағы негізгі мақсат – жедел респираторлы вирустық инфекцияның (ЖРВИ), яғни, безгек, жөтел және т. б. белгілерін анықтау. Симптомдары бар науқастарды жедел оқшаулау маңызды. Екінші фильтр бөлмесі келген азаматтарды белгілері бойынша бөлу, жүкті әйелдер мен балаларды оқшаулауға арналған. Науқастарда коронавирус инфекциясы бар болған жағдайда оларды бірден оқшаулап, қажет болғанда амбулаторлық емдеу шаралары қолданылады.

Осы арқылы пневмония секілді өкпені жасанды желдетуді қажет ететін аурулардың өршімеуін қамту мақсат етілуде.

Мұнда емделушілерге дәрігер мед екі медбике қызмет көрсетеді. Ақ халаттылар бөлек есіктен кіреді. Арнайы қорғаныш киімдерін киіп барып фильтр бөлмеге өтеді. Науқастарға қызмет көрсетіп болған соң олар арнайы киімдерін шешіп, басқа, тағы бір бөлек есік арқылы шығып тұрады.

Пациенттерде «коронавирустық инфекцияны» анықтаған ПТР-сынамалар нәтижелері электронды мәліметтер базасына енгізіледі. Кейін олармен байланыста болған азаматтар тізімі анықталады. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар арнайы мобильді бригадамен үйден қаралады. Олардан да ПТР-сынамалар алынады. Фильтр бөлмелерде жұмыс істейтін мамандар қорғаныш құралдар және пульсоксиметрлермен толықтай қамтылды. Келешекте емханаға коронавирустық инфекцияның алдын алуды мақсат еткен пациенттерді де сұрыптау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Ұқсас жаңалықтар