Елорда • 21 Қазан, 2020

Елорда әкімдігінде өткен инвестициялық кеңесте қандай жобалар қолдау тапты?

10 рет көрсетілді

Инвестициялық кеңесте нан зауыты, сүт зауыты, көкөніс қоймасының құрылысына қатысты жобалар қолдау тапты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz 

"Кез келген қарқынды өсіп жатқан қалаға әлеуметтік нысандар да, азық-түлік кәсіпорындары да көбірек қажет. Инвестициялық кеңесте нан зауыты, сүт зауыты, көкөніс қоймасының құрылысына қатысты жобалар қолдау тапты. Бұл шаралар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, нарықты жергілікті тауармен жабдықтауға, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесте - оқу орындарының (мектептер, балабақшалар), металл-пластик конструкцияларын шығаратын зауыттың, өндірістік-қойма үй-жайларының және басқа да бірқатар маңызды нысандардың құрылысына қолдау көрсетілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инвесторларға қолайлы жағдай жасаймыз. Өйткені, әрбір инвестициялық жоба экономикаға жеке инвестицияларды тартып қана қоймай, сонымен бірге  қала мен қала тұрғындарына қажет нысандар мен жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", деп жазды Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар