Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Гүлшара Әбдіқалықова өнер қайраткерін мерейтойымен құттықтады

18 рет көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" ордені мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Хұсейін Әмір-Темірді қабылдады. Жүздесуде аймақ басшысы Хұсейін Жүсіпұлын мерейлі 80 жасқа толуымен құттықтап, Сыр руханиятының дамуындағы өлшеусіз еңбегін атап өтті.

"Облысымыздың мәдени-рухани дамуына өз үлесіңізді қосып, театр өнерін дамытуға үлес қосып келесіз. Сіздердің тәжірибеңіз бен ақыл-кеңестеріңіз қазіргі жастар үшін аса қажет. Облыстық театр ұжымы өзіңіздің жетекшілігіңізбен республикалық фестивальдардан өзге Қазан қаласы мен Түркияның Конья қаласында және Ұлыбританияда, Шотландияда өткен халықаралық театрлар фестиваліне қатысып, жүлделі орындарды иеленді",-деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Тәуелсіз Қазақстанның театр саласының дамуына сүбелі үлес қосқан Хұсейін Әмір-Темір 1965 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтын "Актер" мамандығы бойынша, 1972 жылы Мәскеу қаласындағы Луначарский атындағы театр өнері институтының жоғарғы режиссeрлар курсын бітірген. Өз шығармашылық еңбек жолында Қызылорда, Талдықорған, Алматы, Шымкент, Орал театрларында жұмыс істеп, 200-ден аса спектакльді сахналады.

Кездесу барысында облыс  әкімі өнер иесіне "Құрмет" грамотасын табыстап, иығына шапан жапты.

Театр қайраткерінің құрметіне арналған кездесуде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайлаубай Жұбатырұлы Хұсейін Әмір-Темірдің өнер әлеміндегі қолтаңбасын сөз етті. Кездесу соңында Хұсейін Әмір-Темір облыс әкіміне алғысын білдіріп, шығармашылық туындылары жинақталған бірнеше кітаптарын сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Ұқсас жаңалықтар