Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2020

Қазақстанның тағы үш облысында құс тұмауы тіркелді

51 рет көрсетілді

Құс тұмауы СҚО-дан бөлек Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында да тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 аудан мен бірнеше елді мекендерден құс өнімдерін экспорттауға тыйым салынып, шектеу шаралары енгізілді.

Аталған өңірдің 30-ға тарта елді мекенінде үй құстары қырылып қалған. Тек қана Бесөл құс фабрикасында шығынға ұшыраған құс саны 41 мыңнан асып кеткен.

"19-21 қыркүйек аралығында "Бескөл" құс фабрикасында 41 мыңға тарта құс қырылды. Ақмола облысы туралы айтар болсақ, 5 ауданның 9 ауылында құстың қырылу фактісі тіркелді. Жалпы 286 құс өлді. Тиісінше 19 қыркүйектен бастап Ақмола облысының Жарқайың ауылдық округінен құс өнімдерін сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынды. Одан бөлек, Қостанай облысының 6 ауданында осындай жағдай тіркеліп, ол жақтарда 505 құс қырылды", деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстанда тіркелген құс тұмауы адамдарға қауіпті емес.

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

Ұқсас жаңалықтар